Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы, 4-тармағына сәйкес Рудный қаласы мәслихаты депутаттарының келісімімен Рудный қаласы әкімінің лауазымына Виктор Николаевич Ионенконы тағайындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Виктор Николаевич 1970 жылы туған.
1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.
2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі.
2020 жылдың қыркүйектен 2022 жылдың шілдесіне дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.