Астанада «Болашағы біртұтас ел» пікірлесу дөңгелек үстелі өтті

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Болашағы біртұтас ел» атты «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықты біріктіретін күш» тақырыбына орайластырып пікірлесу дөңгелек үстелін өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Жиын мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуді мақсат тұтқан. Еліміздегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақ халқы мен барша әр-түрлі этнос өкілдері арасындағы береке-бірлікті, ынтымақ пен рухани келісімді сақтау, одан әрі жетілдіру, еліміздің әрбір азаматына отаншылдық сананы сіңіру, ел болып бірлікте жұмыс жасауға жұмылдыру.

Қазіргі таңда «Руханият» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық» үйіндегі өзге ұлт өкілдерінен шоғырланған «Мәміле» клубы Мемлекет басшысының сындарлы саясатын түпкілікті қолдай отырып, әрбір ұлттық-мәдени орталықтардың бірлескен түрде қызмет атқарып, әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға түбегейлі жағдайлардың жасалуына зор септігін тигізіп, пікірлесу форматында дөңгелек үстел өткізіп отыр. Пікірлесу клубына 16 ұлт өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін өркендету үшін тіл үйреніп, дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Дөңгелек үстелде пікірлесу барысында қазақ халқына деген ризашылықтарын тілектерімен жеткізе отырып, өзге ұлт өкілдерін достықта, бірлікте болуға шақырды.

Осы іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Нұрзила Қасқатаева мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділ Орынбасарұлы арнайы келіп, Қазақстан халқының бірлігі күнімен этнос өкілдерін құттықтады. Сонымен қатар «Руханият» КММ басшысы өзге ұлт өкілдерін арнайы алғыс хаттармен марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын берді.

«Достық» үйінде өткен іс-шараға әртүрлі БАҚ өкілдері қатысып, этнос өкілдерінен сұхбат алды.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...