Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-2

Тентектің  көп хикаясының басын ол ферма басқаруға қалай келді, қандай айла-шарғы жасады, әңгімені содан бастасам деймін. Әр күнгі әдетім бойынша сабақтағы үлкен үзілісте, совхоз директорының кеңсесіне үй сұрап, берген арызыма жауап болды ма?,- деп баратын әдетім. Осы барғанымда кіреберіс кеңсенің дәлізінде Тентек отыр екен. Мені көрді де,  орнынан бауырымдап жылап, ұшып тұрды. Не болды?,- деп өзім ыңғайсызданып, сұрап жатырмын. Директор інісі Мәлік екеуі мені жабылып сабады деді де, үстіндегі киімдерін жырта бастады. Сүйтті де есікті жұлқып ашып, директордің кеңсесіне кіріп кетті. Оның ішкі ойы дұрыс емес екенін сезіп, мен де жөніме кеттім. Келген соң сәлден кейін қоңырау соғылып ,сабаққа кірдім. Сөйткенше, директор шақырады ,-деп шақырушы да келді. Осылай болатынын өзім де сезген болатынмын. Сабақта отырғанымды айтып, сабақ біткен соң барам деп қайырдым. Екі сағат сабақ өткізіп кешігіңкіреп бардым. Директор ашулы екен, қайда жүрсің, шақырғанда неге келмедің?,- деп столын жұдырығымен бір соқты. Сол кезде алдында тұрған бір мүсін ұшып түсіп, басы мойнынан үзіліп еденде жатты. Ойпырмай, Мәке- ай!

Құдай сақтаған екен. Ана Тентектің көзіне түспесін, Жұмба бажаңыз сияқты өмір бойы үрейленіп, қорқып жүретін едіңіз дегенімде мырс етіп күлгендей дыбыс шығарды.

— Ал кәне, не көрдің? Мұнда неге келіп едің?,- деп тергей түсті.

Болған жағдайды, оның айтқанын сол қалпында айтып бердім. Өз басын өзі екі қолымен уыстап ұстап, қап өзім бүлдірдім деп өкінді де қалды! Бәрі бітті енді сұрама деді.

— Қалай сұрамаймын білгім келіп тұр, не бүлінді деп?

Мен де ежіктей түстім.

– Сөйтсем анау Тентек өзінің үйреншікті әдетіне салып, Мәкеңді қорқытпақ болып жылап таяқ жедім деп, айқай-шу шығарған. Анық қанығын сенен сұрайын деп мені іздегенін айтты. Амалым таусылып, көптен мазамды алып сұрап жүрген жұмысын беріп азар құтылдым. Ғарифолланы шақыртып екеуін қатар отырғызып , келісіп шештім. Осылай оның өнері асып, мені уысына түсіріп, дегенін істетті. Оның несін менен көресіз, менің неге келетінімді, ана хатшыңыздан білсеңіз болатын еді ғой. Соны ойласуға анау жынды айқай- шу шығарып, мүмкіндік бермеді. Бәрі біткеннен кейін хатшыдан сұрап білсем сенің еш қатысың жоқ, кездейсоқ келіп, жылап киімдерін жыртып жасаған әрекетінің дұрыс еместігін айтқаныңды, естігенде өз ісіме өзім өкіндім. Солай ренжіп отырғанымда, міне сен келдің, жұдырықпен столды қойып қалғанымда алдымда тұрған Лениннің мүсіні ұшып түсіп мойыны үзілді. Бажаңыз Жұмба сияқты Шабдан ағасынан өмір бойы қорқып келгенін айтып, көңілімді сергіттің. Расында ана жындының көзінше болса, елдің әжуасына қалатын едім ғой деп ойладым. Шынында құдай сақтады. Сөйтіп айқай- шу жасап, атқа қонған болатын.

– Мәке, сізді құдай сақтаған екен. Сіз де Жұмба бажаңыз сияқты Шабден ағасынан өмір бойы қорқып өткен жағдайға тап болмай қалыпсыз. Бұл Тентек ана Шәбден ағаңыздан да қорқынышты ғой — деп, мойны үзілген Лениннің мүсінін еденнен көтеріп алып, Мәкеңнің алдына қойдым. Иә, Жұмба парторг, Шәбден сиыр ферма меңгерушісі. Халық сұраған сары майды тауып бере алмайды. Осыдан ренжіс туып парторг ренжіп столын бір соққанда, алдындағы мүсін ұшып түсіп мойны үзілген. Шәбден ұшып тұрып, мойны үзіліп жатқан мүсінді алып, қойнына тығып «қалған уақытта саған майды осы шал жинап береді» — деп шығып кетеді. Ағасының осы ісінен үрейленіп, май сұрап мазалау жайына қалады. Аяқ астынан ағаға тәуелді болып қорқумен күндері өтіп жатады

Жангелді ауданының Южный кеңшарында директор болып істеген. Мүттал Нұрғалиевті сіздерге директорлыққа әкеліп отырмын. Совхоз құрылғаннан бері бұл бесінші директор, сіздердің талап тілектеріңіз бойынша ретті, ретсіз ауыстырылып отырған. Аудан басшылары мен бюро мүшелері ақылдаса келіп, осыған дейінгі жақсы істерін танып біліп, осының қолынан келеді, сіздердің тілдеріңізді табады, сыйласып бірге жұмыс жасайды, деген ниетпен әкеліп отырғанын айтып таныстырды. Сырттың азаматы, қылтың-сылтың, өсек‑аяң , ұрлық‑қарлықпен жұмысы жоқ, таза адал азамат деп, орнына отырғызды. Ел айқай — шудан арылып, қоян‑қолтық араласып бірігіп жұмыс жасауларыңызды қалаймын деп, елге де сенім  артқандай қалып танытты. Аудандық партия хатшысының сөзін ықыласпен қабылдап, бірге жұмыс жасауға әзір екендіктерін білдіргендей болды.

Мүттал Нұрғалиұлы алғашқы жұмысын ауыл ішіндегі электр жарығының берілуінен бастады. Оны ретке келтіріп көшелерге электор жарығын қойдырып, бұл тез арада шешіліп, елді бір қуанышқа бөледі. Ендігі істейтін іс мектеп, аурухана, көптеп тұрғын үй салу жағын қолға алуым керек деп, бұны да кезекке қоямын. Әрине бұл тек ауызбен құр айта салатын іс емес, оған тынымсыз ізденіс пен талай есіктерді қағып, мазалау да қажет етеді. Ұялмай кірер жерге кіріп, мазалау қажет. Ол жөнінде аудандық хатшының тілін тауып, сыйласа білуім керек деп ой түйді.

Ел халқымен толық танысып атадан балаға, аманат етіп қалдырған асыл қасиеттерді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп табыстау, осы отырған біздің, әр азаматтың борышы. Сол мақсат та кім-кімнің де түсінігі дұрыс, ой санасы айқын болуы абзал дейік. Біздер сол үшін де іс істеуге тиістіміз. Менің ойымда сол қағида есте болып, сол бағытта жұмыс жасауға тиістімін. Осылай деп ойлап келген алғашқы күннен бастап, сол қағиданы қатты ұстанып, бірінші істелер іс талапқа сай тұрғын үйлерді көптеп салып,халықтың әл-ауқатына жағдай жасау,  денсаулықтарының жақсы болуына көңіл бөліп, аурухана тұрғызу,жас ұрпақтардың, оқып білім алуы үшін мектеп салуды жоспарламақ ойда болып отырмын. Осы ойымды ауыл халқының жалпы жиналысында ашық айтып, соған сай халықта ынтымақ, бірліктің болуы керек екенін айтам. Сіздердің өздеріңіз ішінде болып, ата-бабаларыңыздың ынтымақ, бірлігінің арқасында Албарбөгеттей алып бөгетті, техниканың жоқ кезінде, қол күштеріңізбен соқтыңыздар. Осындай алып бөгетті соққан ынтымағы жарасқан елге, оның халқына қызмет жасауға әр кез дайын екенімді айтып, сіздерді сендіргім келеді. Менен бұрын да бұл жерге талай басшылар келіп, Албарбөгеттей алып бөгетті адам баласы қол күшімен маңдай терін төгіп істеді дегенге сенбегенін естідіңіздер. Соның ортасында болған, қазір ортамызда отырған ағалар, әкелер, әжелердің болғаны осы бөгетте табандарының ізі, маңдайының тері жатқанын анық білесіздер.

Ел тарихын, жер тарихын білгісі келетіндерге, керекті әңгімені осыдан бастасақ деймін. Айса соқтырған, қайталап айтсам ата-бабаларымыздың маңдайының тері тамып, табанының ізі жатқаны таусылмас ұзақ әңгіме болары ақиқат. Ол жөнінде айтылатын ой, шертер сыр сіздерде көп болар. Сол бір тар заманда, халықтың тілін тауып, ұйымдастыра білу де үлкен өнер. Себебі, бұндай үлкен іс істеуге қарсы теріс бағыт беріп, араға іріткі салушылар болып жатқан. Соның бәріне төзімділікпен қарап, қажыр‑қайратын сарқа жұмсап, түнде ұйқыны, күндіз күлкіні қойып, асқан шыдамдылықпен, іс істеуге тура келген. Сол табандылықтың арқасында, ерінбей еңбек етіп, өз төңірегіне ақылды, іскер, сенімді ағалар мен достарды жинап, солардың ақыл кеңестерінің арқасында елдің, халықтың бірлігін сақтап, жеңіске жеткен. Айсаның бұл ісін елі де, халық та үнемі еске алып айтып отырады. Айсаның аты естір  құлаққа аңыз әңгімелер мен ертегілердегі кейіпкер, батырлар іспетті естіліп жатты. Сол ынтымақтың арқасында, бөгет бөгеліп адам айтса нанғысыз телегей-теңіз су ұстап, ел — жұртты ырысқа кенелтті. Осыны қаншалықты дәріптеп, нағыз қалың қолды бастап, асау өзеннің ағысына қарсы жүзіп, батырлығын танытқан қас батыр деп елі таниды. Елдің Айсаға деген сүйспеншілігін өтеу, ел азаматтарының өсер ұрпақтың міндеті. Мен сіздердің осы ойларыңызды толық қуаттап ,қолдай түсуге әркез дайынмын деп М.Нұрғалиұлы халыққа өз ойын айтты.

Ата-бабадан келе жатқан жақсы қасиеттерді сақтап, болашақ ұрпаққа табыстау әр саналы азаматтың міндеті десек. Соны ескеріп шәкірт тәрбиелеп жатқан, ұстаздар жүгін жеңілдету мақсатында талапқа сай оқу орнында білім беруіне жағдай жасау жағын ескеріп, мектеп салуға назар аудардым. Осы жағдайда көп ойланып, көп қиналуыма тура келді. Аудандық, облыстық партия басшыларына жиі шығып, жағдайды айтып мазалауға тура келді. Бұл ісімді аудандық бірінші хатшы Сұлтан Махатұлы  қолдап, үнемі көмектесіп отырды. Мұның сыртында облыстық партия хатшысы  Еркін Нұржанұлы Әуелбековке менің шаруам бойынша жиі шығып, мектеп пен аурухана салуға рұқсат етуді өтініп отырды. Тікелей Сұлатан Махатұлының өтінішімен облыстық хатшымен тікелей байланыс жасап, еркін кіруіме жол ашылды. Осы еркіндікті құр жібермей айтар ойымды толық жеткізіп отыруды ойладым. Бұрындары басталып, салынып аяқталмай қалған аурухана құрылысының жағдайын айтып, соны іске қосу жөніндегі ойымды айтқан едім. Сәл ойласып отырды да, құрылыс жөніндегі мамандарын шақыртып, ақылдасып оның қаржысы игеріліп кеткенін айтып, болса да іс істеуге бекініп отырған талабыңды толық түсініп отырмын. Сондықтан ауылыңнын мектебіңнін жағадайы қандай? Соны айтшы деді. Оның да жағдайы жақсы емес екенін айтқанымда? Міне осы құрлысты салуға кіріс «қуыс үйден құр шықпа» деген. Өзінің осындай ықыласын білдіріп аурухана да есепте болады дегенді айтты. Бұл да менің үмітімді үзбей хатшыға еркін кіріп, еркін сөйлеуге жол ашқандай болды.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(Басы мына жерде. Жалғасы бар)

Фото: visitkazakhstan.kz

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...