Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Алау» порталына сілтеме жасап.
Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі растады.
Қарабалық ауылында 7 жастағы Ева Андреева жоғалып кетті. Полицияға қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, 26 шілдеде сағат 23:20 шамасында Ева үйден шығып, жоғалып кеткен.
Бала қара шорты, қызғылт жейде, қызыл тәпішке киген.
Ева Андрееваның қайда екені туралы білетіндерден «102», 3-26-02, 8-708-200-76-18 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Фото: ainanews.kz