ganibet

Қостанайда алаяқтар зейнеткерлерді 20 миллионға қалай алдағаны анықталды (ВИДЕО)

Қостанайда CyberPol қызметкерлері тұрғындарды 20 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысының полициясына Қостанай қаласының 6 тұрғынынан «Сіздің қызыңыз жол көлік оқиғасына түсті» деген бұрынғы схеманы пайдалана отырып, оларды алаяқтар алдағаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 20 миллион теңгеден асады. Барлық өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу басталған. Тергеуге ...

Толығырақ »

11 шілдеде Қостанайда ең ыстық күн болған

Қостанайда 11 шілдеде елу жылдағы ең ыстық күн болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz “Наш Костанай” сайтына сілтеме жасап. 1974 жылы сынап бағанасы 40 градус ыстықты көрсеткен. Бұл осы уақытқа дейін қаладағы ең ыстық температура болды. Ал биыл 11 шілдеде ауа райы 41 градус ыстыққа дейін көтерілді. 13 шілдеде синоптиктер қалада бұлтты ауа райы, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады деп болжады. Фото: ulysmedia.kz

Толығырақ »

«Жылап тұрды»: Арқалықта бойжеткен 4-қабаттан секірмек болған

Арқалықта полиция қызметкерлері төртінші қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бойжеткен қараусыз қалған ғимараттың төртінші қабатынан секірмек болған. Бұл туралы полицияға 11 шілдеде хабар келген. Түнгі сағат бір шамасында өтіп бара жатқан адам қараусыз қалған ғимараттың терезесінің шетінде бір қыздың жылап тұрғанын көрген. Ол дереу полицияға қоңырау шалды, — делінген хабарламада. Оқиға орнына автопатруль келді. ...

Толығырақ »

Қостанайда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан

Қостанай облысында есірткі саудасына қатысы бар делінген полицияның жоғары лауазымды қызметкерлері қызметінен босатылды, деп хабарлайды «ТоболИнфо». Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы мен оның орынбасары қызметінен кетті. Сондай-ақ синтетикалық есірткі тарату ісі бойынша тағы екі полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр. Қостанай облысы ПД қызметкері Әмзе М.А.-ға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істі Қостанай ...

Толығырақ »

Белгілі ғалым Сайлау Байзақов қайтыс болды

Экономика ғылымның докторы, профессор Сайлау Байзақов қайтыс болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы оның немересі Наурыз Байзақов Facebook-те жазды. Құрметті достар, бүгін менің сүйікті Аташкам дүниеден озды, – деп жазған ол. Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. Ол – экономика ғылымның докторы, профессор. Фото: ашық дереккөз

Толығырақ »

Қостанай облысында шегірткеден 500 гектар егіс алқабы зардап шекті

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке зиянкестерінің таралуы тіркелген Қостанай облысына  келді. АШМ басшысы күні бұрын табын зиянкестерінің шабуылы туралы хабар келіп түскен Қостанай және Қамысты аудандарында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ауданның аумағын зерттеу қорытындысы бойынша, 16 мың гектар жайылымдық жерде жәндіктердің таралуы тіркелді. Фитосанитарлық шаралар сол күні кешке басталды, өйткені өңдеулер техникалық регламентке сәйкес ...

Толығырақ »

Қостанайдың қақ ортасынан адамның сүйегі табылды

Қостанайда коммуналдық қызметкерлер көшеден адам сүйектерін тауып алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергілікті полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың ...

Толығырақ »

«Кәсіпорын қарызын жаппақ болған»: Арқалықта 2,1 млрд теңге бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған

Қостанай облысы Арқалық қаласында жаңадан салынған ЖЭО-ны пайдалануға беру кезінде 2,1 млрд теңге мемлекеттік бюджет есебінен негізсіз өтелген, деп хабарлайды Halyq Uni.  2019 жылы Арқалық қаласында 7 млрд теңгеге жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталып, 2021 жылдың қарашасына қарай аталған ЖЭО іске қосылған. Алайда жаңа ЖЭО турбиналық генераторлары суды ысыта алмаған. Осыдан соң  аязды күндері ескі жылу электр орталығы іске қосуға ...

Толығырақ »

Арқалықта 1500 күйші бір мезетте 7 күй орындады

Арқалық қаласында 1 шілде – Ұлттық домбыра күнінде 1500 домбырашы бір мезетте бірнеше күй тартып, тұрғындардың делебесіз қоздырды. Қала күніне сәйкес келген іс-шара «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» деп аталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ауқымды іс-шараның ашылу салтынатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мқхаметқалиев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ ұлттық аспапты дәріптеп жүрген бір топ өнерпазға облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың ...

Толығырақ »

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай қаласының №2 сотында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы пара алу, алаяқтық жасау бойынша айыпталған «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ инкассаторлық бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, салық төлеушінің электронды кабинеті арқылы жеке кәсіпкер ұсынған 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікке ...

Толығырақ »