Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандыеғы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың маусымынан — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған.

Фото: primeminister.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде ...