Таңдаулы

Ақсақалов доғарысқа кет

Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына, Жанкелдин және Амангелді аудандарына барған кездесулерін қарадым. Арқалықта айтатыны: «қала іргесінен Ұлытау облысы жағына қарай жолды жөндеп жатырмыз». Шындығында, жол сапасы нашар, жазда барған кезде ойылып қалғанын көрдім. Әйтеуір қалада жаңадан бір мектеп пайдалануға берілді. Суға кеткен ауылдардың халқын қалаға көшіріп алғаннан басқа ештеңе бітірмеді. Негізінде, ауылдағы халыққа жағдай жасау керек еді, бір мектеп салуды ...

Толығырақ »

Балаларды қашанғы құрбандыққа шаламыз?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына! Қымбатты еститін Үкімет! Осыдан бір жыл бұрын осы «әлеуметтік желіде «Ақсақаловқа алты сұрақ» деген жазба жарияладым. Бірақ жауап болмады. Мейлі жауап беруді «мәртебелі әкім мырза» лайық көрмесе де Торғай өңіріне деген көзқарас өзгеріп, жұмыстар жүргізілсе болды ғой деп сабырға келіп күткен болатынбыз. Алайда үміт ақталар емес. Қыс басталмай жатып Торғайда жарық сөніп, қазандық жарылып , балалар ...

Толығырақ »

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да ...

Толығырақ »

Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады. Фото: Ақорда

Толығырақ »

«Арқалық әуежайына бөлінген қаржы қайда?»: Берік Бейсенғалиев Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Арқалық қаласындағы жекенің қолына сатылып кеткен әуежай жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 9,5 млн теңге қаражат бөлінгені туралы айтылды. Алайда іс жүзінде 8 айда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «Өткен жылы Үкіметтен әуежайдың жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру ...

Толығырақ »

Қостанайдағы ет комбинаты ісі бойынша 49 адам күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысындағы департамент «BEEF EXPORT GROUP» компаниясының ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс тергеу аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Құзырлы орган аталған адамдар тобы ұзақ уақыт бойы «Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеу ...

Толығырақ »

Қостанай облысында мектеп оқушыларының 27,3%-ы қазақша оқиды

Қостанай облысы — түрлі салаларды дамытуда әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Сондықтан ел экономикасына елеулі әсер ететін салаларға инвестиция салу мен дамытуға ерекше мән берілген. Бұл тұрғыда Kazinform агенттігінің «Әкімге сұрақ» жобасы аясында осы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтан сұрап көрдік. — Құмар Іргебайұлы, Қостанай облысы ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды өңірлердің бірі. Мал шаруашылығындағы жайылым, ал егін ...

Толығырақ »

Қостанай облысында халық саны 8,3%-ға азайған

Соңғы жылдары Қостанай облысында халық саны азайып кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны кеміген. Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай ...

Толығырақ »

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...

Толығырақ »

Қостанай әуежайы тағы да сатылымға шығарылмақ

Биыл Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. Әуежай бұған дейін екі рет аукционға шығарылып, қожайынын таппаған болатын. Айталық, соңғы рет 2018 жылы Қостанай әуежайы аукционға қойылғаны есімізде. Осыдан кейін әуежай республикалық баланстан алынып, Қостанай облысы әкімдігінің меншігіне берілген-ді. Әкімдік әуежай ғимарат мен ұшу-қону жолағын да жөндеуді бастаған болатын. Қаржы басқармасының ...

Толығырақ »