Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты
Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды),
Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов.

Фото: sputnik.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...