Таспа

Жітіқарада ер адам баласына алимент төлеуі үшін пәтерін сатты

Қостанай облысының Жітіқара ауданында бірнеше жылдан бері баласына алимент төлемеген азамат пәтерін сатуға мәжбүр болды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл мәліметті Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы таратты. Ер адам баласын асырап-бағуға 1,5 млн теңге қарыз болып қалған. «Бұрын бұл іспен мемлекеттік сот орындаушы айналысқан болатын, кейіннен шағымданған келіншек өз арызын қайтарып алды. Оның бұрынғы күйеуі алиментті уақытылы төлеп тұруға уәдет ...

Толығырақ »

Қостанай облысы жылыту маусымына дайын — Мұхамбетов

Бүгін алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өткіздім деп жазды Қостанай облысының әкімі өзінің instagram парақшасында.  Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, жалпы облыс жылыту маусымына толық дайын. «Оның ішінде Рудный қаласының алдағы жылыту маусымына дайындығы қаралды. Бюджеттен «Рудненский водоканал» ЖШС және «Рудненская теплосеть» ЖШС үшін арнайы техника сатып алуға жалпы сомасы 387 млн теңгеге ақшалай қаражат бөлінді» деп жазған өңір басшысы. Сондай-ақ әкім кеңес ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетовтің жалақысы — 766 мың теңге

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бастамасымен өтіп жатқан Antikor live жобасы аясында сөз сөйлеп, оны Instargram желісіндегі жеке парақшасында жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Аймақ басшысы «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» атты жалпыреспубликалық шараға қолдау көрсеткен. Әкімдіктерді ашық әрі қолжетімді ету мақсатында облыста атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған өңір басшысы өзінің еңбекақы мөлшерін де атап, ...

Толығырақ »

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Оны облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары 21 күнге карантинге жабылды. Бұл ауылдарда құс тұмауы тіркелді. Барлығы 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстардың бәрі арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. ...

Толығырақ »

Қостанайда бұзақы полиция көлігінен түсіп, қашып кетті (Видео)

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.  Видеодан ер адамның патруль көлігінің артқы есігінен шығып кеткені анық көрінеді. «Бұл оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патруль полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан. Патруль көлігі тоқтаған кезде тәртіп бұзушы көліктен шығып кеткен. Алайда, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қос ауданның әкімдері тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі аудан әкімдерін тағайындады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Қостанай ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті әкімдік активіне ауданның жаңа басшысы Жансұлтан Таукенов таныстырылды. Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай ...

Толығырақ »

Қазақты маймылға теңеген рудныйлық Кирилл Божко 7 жылға сотталуы мүмкін

Естеріңізде болса, YouTube арнасында Кирилл Божко есімді рудныйлық тұрғын украиналық блогермен пікірсайыс кезінде қазақ халқының ар-намысына тиіп, қазақты «маймыл» деп, оның тілін «маймылдың тілі» деп кемсіткен болатын. Бұл біраз жұрттың ашуына тиген еді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бүгінде қостанайлық полицейлер облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын бастады. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері YouTube арнасында аталған видеоны тауып, күдіктінің жеке басын ...

Толығырақ »

Қостанайлық сақшылар халықаралық іздеуде болған 15 күдіктіні ұстады

Қостанай облысының полицейлері мемлекетаралық «Іздестіру» операциясына қатысып, халықаралық іздеуде жүрген 15 күдіктіні ұстады. Оның ішінде 5 қылмыскер ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Халықаралық іздеудегі қылмыскерге 2019 жылы іздеу салынды. Ол Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Іздеу шараларын Қостанай қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі бастаған. Қылмыс 2019 жылғы 27 желтоқсанда Қостанай ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тұмауға қарсы вакцина салынып жатыр

Қостанай облысында тұрғындарға тұмауға қарсы екпе жасау науқаны басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде Ресейден 60 млн теңгеге 70 мың «Гриппол» вакцинасы әкелініп, облыстың емдеу мекемелеріне таратылып берілген. Медицина қызметкерлеріне, «Д» санатына тіркелген балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер мен мемлекеттік мекемелердің қам-қорлығындағы адамдарға, сондай-ақ індет белгілері анықталған науқастарға тегін екпе жасалады. «Алдын ала ...

Толығырақ »

Қостанай облысында Праймериз басталғалы 3000-нан астам іс-шара ұйымдастырылған

Қостанай облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді деп хабарлайды tobyl-tobyl.kz Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Оған дәлел ретінде 819 қостанайлықтың Nur Otan партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады. 14-16 қыркүйек аралығында өңірде 36 дебат өткізіліп, оған 200-ден астам кандидат қатысқан. Бүгінде Қостанай қаласынан партия ішілік сайлауға қатысушылардың үшінші легі жария пікірталас ...

Толығырақ »