Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт шықты деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ» деп мәлім етті департаменттен. Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.
Толығырақ »Таспа
Қостанай облысында 5 цифрлық, 6 смарт-ферма құрылады
Қостанай облысының әкімдігі ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жұмыс жоспарын бекітті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов цифрландыру бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет берді. «Облыс әкімдігі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірігіп, нақты егіншілік технологияларын енгізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұған қоса, цифрлық технологияларды енгізудің 5 ...
Толығырақ »Қостанай облысында жем-шөп бағасы қымбат
Қостанай облысында бір тонна шөптің бағасы 30 мың теңгеге дейін барады. Мұның себебін облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов түсіндіріп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл облыста шөптің шығымы тым төмен. Көктегендерінің өзі аптап ыстықта сарғайып, күйіп кеткен. Тиісінше жем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Кейбір аудандарда оның тоннасы 30 мың теңгеге дейін барады. «Өңірлерде шөп ...
Толығырақ »Торғайлық ананың арманы
Жанкелдин ауданында полиция бөлімінің ағымдағы жылдың алты ай ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Оған Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев қатысты. Мәжілісте екі мәселе қаралды: ол торғайлық тәртіп сақшылардың жарты жылда атқарған жұмыс қорытындысы және полицияның тәртібі, заңдылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жағдайы. Аталған мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция ...
Толығырақ »Әулиекөл ауданының тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. «13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180 шаршы метр аумақты от шарпыған» делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық ...
Толығырақ »Бокстан Әлем чемпионы Қостанайда адам өлтірді деген күдікке ілінді
Бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кісі өлімі 11 шілдеде облыс орталығына жақын жердегі «Алтын дала» ауылында болған. Полицияның кезекші бөліміне бір әйел хабарласып, отағасының өлі денесін тапқанын айтқан. — Жедел іс шаралары барысында қылмыстық істің бетін аштық. Күдікті Заречный ауылына қарай қашпақ болды. Әріптесіммен бірге сол маңайдағы ...
Толығырақ »Қостанай облысының ауылдарын ауыз сумен қамту үшін қомақты қаражат бөлінді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келген бір топ депутат Ирина Аронова, Иван Клименко мен Альбер Рау «Nur Otan» партиясының жалпыұлттық «Qutty meken» жобасы аясында Алтынсарин ауданына қарасты Докучаев ауылындағы су құбырларын жүргізу жұмыстарымен танысты. Жалпы, биыл Қостанай ...
Толығырақ »Қостанай облысы Арыстағы 671 нысанды жөндеуге кірісті
Қостанай облысы Арыс қаласында үйлерді жөндеуге кірісті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Арыстағы соңғы жағдайларға байланысты елдің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жиналып, арнайы қор құрылғаны мәлім. Қостанай облысы да бұл бастамадан шет қалмады. «Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен байланысты. Келіссөздердің нәтижесінде Қостанай облысы арыстықтарға бүлінген үйлерді қалпына келтіруге көмектесетіні белгілі болды. Қазіргі уақытта Арыс қаласында ...
Толығырақ »Қостанай облысының мұғалімі халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды
Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шымкентте өткен Халықаралық мұғалімдер арасындағы конкурстан бас жүлдеге ие болып, автокөлік ұтып алды. Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің География пәнінің мұғалімі. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап География пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1993 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарасу селосында дүниеге келген. «Басты мақсатым: Қазақстан Республикасының білімді ұрпағын тәрбиелеу» дейді мұғалім.
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Ресейде жүр
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресей Федерациясында іссапармен жүр деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.Қойшыбаев, «БРК-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Н.Байбазаров, Қазақстан АвтоБизнесі Ассоциациясының президенті А.Лаврентьев бар делегация Татарстан Республикасының, сондай-ақ, РФ Свердлов облысының өнеркәсіптік мекемелерінде болды. «КамАЗ» фирмасының бас директоры Сергей Когогиннің ...
Толығырақ »