1-фото. Торғай даласы Әркімге өз туған жері ыстық, иә мен де соңғы 2-3 жыл көлемінде туған жерім Торғай туралы көп жазып жүрмін. Мақтанғаным емес өлкеміздің танылуына бір кісідей ат салысудамын, әлі де айта да жаза беремін деп ойлаймын. «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп, дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Әлеуметтік желіде ойымызды білдіріп, кейде ақыл айтатынымыз да ...
Толығырақ »Талбесік
Жаркөлден жағымды жаңалық!
Өткен демалыс күндері Жаркөлдік азаматтардың бірігіп салған мешітінің салтанатты ашылуы болды. Сабақты ине сəтімен келіп, Торғайдағы Оспан қожа мешітінің 25 жылдығына келген құрметті қонақтар қуанышымызға ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп кетті. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, айтыскер Мұхтар Ниязов арнау айтты. Ауылдағы іскер азаматтар ас берді. Ол жерде де, Торғай өңірінің құрметті, беделді ел ағалары құттықтау сөздерін ...
Толығырақ »Торғайдағы берекелі күн
Кеше Торғай халқы берекеге шомылған мерекелі күн болды. Торғай кентіндегі Оспан қожа əулие мешіті қайта жаңғыртылып, Жаркөлде елді имандылыққа ұйытар намазхана ашылды. Осынау игілікті шараның басы-қасында жүру бақыты бұйырып, туған жерге барып қайттым. Ең алдымен Торғай мешіті туралы айта кетсек. Бұл имандылық ордасының ел тарихында орны зор. Қазақстан азаттығын жариялағаннан кейін салынған алғашқы рухани орын. Оның құрылысына сол кездегі өңір ...
Толығырақ »Торғайдағы келелі істер немесе «Жеріне ағаш емес, Адам өскен жер»
Бәріміз де ауыл баласымыз, мен де Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы бұрынғы «Еңбек» кеңшарының орталығы Көкалат ауылындағы Албарбөгет орта мектебінде оқыдым. Ол кездері бір жылғылардың 2 не 3 сыныптары болатын. Нақты есімде қалғаны 1990 жылғы аталған Албарбөгет мектебін бітірген кезде жалпы санымыз 46 ұл-қыз едік, кейбірі 8 жылдықты аяқтап кәсіптік білім беру мекемелерінде оқып, еңбекке ерте араласты. Әйтеуір жақсы жері ...
Толығырақ »Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!
Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?.. Екіншіден, ...
Толығырақ »Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..
Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар. Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...
Толығырақ »Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта
(Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай. Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта. Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің. ...
Толығырақ »ТОРҒАЙ ЕЛІНДЕГІ ТОЛҚУ немесе бұрынғы отаршы Ресейдің өкілдері Егеменді елімізде неге еркінсіп, едірейеді?!
Ұлтарақтай болса да Атамекен жер қымбат! Халық даналығы Қазақ халқы ХVІІІ ғасырда болған еліміздің тарихындағы қиын кезең (1723-1725), «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында және Кеңес Одағы кезінде кіндік кескен жерінде аз санды халыққа айналғаны тамыры терең таңбалы тарихымыздан жақсы таныс. Оған басты себеп асты-үсті түрлі байлыққа толы құнарлы жеріміздің келімсіктердің көз құртына айналуы еді. Осы баға жетпес байлығынан да, бетегесі ...
Толығырақ »Торғайлықтарға үндеу!
Жақында елде болып қайттым. Өзі туып-өскен мекеннің бүгіні мен ертеңі кім-кімді де толғандырмай қоймаса керек-ті. Оның үстіне толғауы тоқсан Торғайдың проблемасы таусылған ба? Олардың бәрін тізбелей берсем сөз ұзап кетер, сондықтан ең негізгі мәселеге назар аударғанды жөн көрдім. Қазіргі таңда жерлестерімді алаңдатып тұрған басты жайт – «Ресейге жалға жер беріледі» деген қауесет. Естуімше, «Союз-2» зымыранының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ...
Толығырақ »Туған жердің мұңын кім мұңдайды, жырын кім жырлайды?!
Әркімге өзінің туған жері ыстық болатыны бесенеден белгілі, және ол ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Сен үшін оның әрбір тасы, сабырмен аққан өзені, сылдырап аққан бұлағы тіпті айдалада өсіп, шашын самал желпіген арудай желмен тербелген жалғыз жидесі, өзендердің бойында ырғатылған талы мен қамысы да ыстық. Олардың үнін тыңдап, өзің туған өлкенің топырағын басып, ауасымен тыныстау жаныңды тербейді. Алыста қалған балалығыңды сағындырады, ...
Толығырақ »