Таспа

Қостанай облысындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 2 мың жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында 2024-2026 жылдар аралығында құны 225 млрд теңгені құрайтын 130 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның арқасында өңірде 2 мың жұмыс орны құрылады деген жоспар бар, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласы алдыңғы орында тұр. Мұнда 15 жобаны жүзеге асыру үшін 107 млрд теңге бөлінбек. Нақтырақ айтқанда өңірде 50 жұмыс орнын құра отырып, бұршақ дақылдарын өңдейтін толық циклды ...

Толығырақ »

Қостанай облысының ғылыми әлеуетін дамыту: Аризона университетімен кездесу

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы – шетелдік дамыған ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, өңірлерде жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу. Үш жыл бұрын Мемлекет басшысының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы университет пен Аризона университеті (АҚШ) арасында екі дипломдық білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Білім министрлігі қажетті қаражатты қарастырып, грант сомасы ұлғайтылды және арнайы бағдарламалар әзірленді, ...

Толығырақ »

ЗАҢДЫ БІЛМЕГЕНДІКТЕН ЗАРДАП ШЕГЕТІНДЕР КӨП

Қоғам белсенділері осылай дабыл қағады «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің басшысы Амандық Әмірхамзин жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға қарапайым еңбек адамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер, медицина, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Алғашқы боп сөз алған Амандық Қорғанұлы басты құжат манифестте жұмысшылардың құқықтарын қорғау, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және ...

Толығырақ »

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері халықпен жүздесті

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қор жұмысын насихаттау, өз жақтастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 15 мамыр күні Қостанай қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша бөлімшесінің өкілі  Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы кездесу барысында ұйымның бағыты, ұстанымы жайлы баяндады, Қор Манифесті https://adildik.org.kz/manifest/kz таныстырылып, әлеуметтік мониторинг туралы айтып берді. Сонымен ...

Толығырақ »

Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы Қарасу ауданында бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Виктор Радченко кінәсін мойындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Виктор Радченкомен бірге бұл іске ауданның басқа шенеуніктерінің де қатысы бар. Барлығы пара берген деп те, пара алған деп те күдікке ілінген. Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко, басылымның хабарлауынша, кінәсін мойындаған. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасу ...

Толығырақ »

Тасқын суға байланысты АҚШ-тағы ағайындар да көмек қолын созды

Биылғы көктем жылдағыдан ерекше, тосын, төтенше жағдаймен басталды. Қар суы күрт еріп, оған тасқын су қосылып, халықты тығырыққа тіреді. Мыңдаған жан мал-мүлік, үй-жайынан айрылып бейбіт күнде еріксіз «босқынға» айналды. Қостанай облысында тасқын су алдымен Арқалық қаласы іргесіндегі ауылдарға келе бастады, Жанкелдин ауданындағы Көлқамыс, Арқалық қаласына бағынышты Қызылжұлдыз, Екідің елді мекендерін су басып, аудан орталығы Амангелді кентіне қауіп төндірді. Көп өтпей ...

Толығырақ »

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру екендігі белгілі. Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Әсел Сибагатованың айтуынша, қазіргі таңда құқық иеленушілер тарапынан шағымдар көп түсуде. Құқық иелері тауарлық белгілерге қатысты жиі шағымданады. Олардың тауарлық белгілерге құқықтары жиі бұзылуда. Атап айтқанда, сатушылар маркетплейстік тауарлардағы тауарлық белгілерді олардың ...

Толығырақ »

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растады. Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ...

Толығырақ »