Tag Archives: тағайындау

Сүндет Байғожин Қостанай облыстық филармониясына басшы болды

Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   — Қостанай облыстық филармониясының басқару міндеті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сүндет Абдрахманұлы Байғожинге жүктелді. Қостанай өңірінің талантты тумасы туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз, — деп жазды Е. Қалмақов.

Толығырақ »

Ішкі саясат басқармасына басшы болып Бибігүл Аққожина тағайындалды

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бибігүл Бүркітқызы 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ішкі саясат саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да психология оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық ...

Толығырақ »

Досым СӘТПАЕВ: Тәжиннің тағайындалуы Президенттің жас кадрлардан көңілі қалғанын көрсетеді

Саясаттанушы әрі Халықаралық қауіп-қатерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев Марат Тәжиннің ҚР Президенті Әкімшілігіне қызметке қайта оралуының екі себебін болжап көрді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тәжин бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ,асшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол осы қызметті 2002 жылдың тамызынан 2006 жылдың сәуіріне дейін атқарған еді. Д.Сәтпаевтың айтуынша, Тәжиннің тағайындалуы Мемлекет басшысының жас кадрлардан көңілі қалғаны себепті болуы мүмкін. ...

Толығырақ »