Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Қостанай облысы Жангелдин аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Нұржамал Баяхметқызы Бимағанбетова «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұған дейін «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болған білікті маманның бұл марапаты бар ғұмырын адам саулығына арнаған еңбектің заңды жемісі десек, ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Гүлім Ысмағұл лауазымды қызметке тағайындалды
Гүлім Ысмағұл «AMANAT» партиясы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Гүлім Мылтықбайқызы бұған дейін білім беру және БАҚ саласында қызмет атқарған. Аудандық «Біздің Торғай» газетінің директоры қызметін және Жангелдин ауданының Тілдерді оқыту орталығының директоры қызметтерін абыроймен атқарған білікті басшы. Бұл лауазым – үлкен сенім мен жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды қызмет. Осы орайда аудан әкімі Д.Бидашев ...
Толығырақ »Мәслихат депутаттарына маңызды міндеттер жүктелді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Шынын айту керек, бұл жай ғана салтанатты жиында айтылатын жалпы сөз емес. Онда елдің алдағы саяси бағыты, мемлекеттік басқару жүйесінің логикасы және қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанның ұстанатын бағыты нақты көрсетілді. Ең алдымен көзге түскені – жергілікті биліктің рөлін күшейту туралы мәселе. Президент мәслихат депутаттарына ...
Толығырақ »Рудный кейсі
Рудныйдағы орын алған жағдайға Қазақстанның басқа өңірлері жағаларын ұстап жатыр. Бірақ, бұл айсбергтің ұшы ғана деп санаймын. Жалпы, Рудный туралы, ондағы жайт туралы бұрын да жаздым. Дегенмен, тағы толықтыруды жөн көрдім. Рудный қаласы Қостанай облысының екінші үлкен шаһары, аймақ орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Қостанайға барғанда өзіңді өте жайлы, ыңғайлы сезінесің. Тұрмысқа ыңғайлы қала, жұрты шамамен 270 мың, Рудный қаласы ...
Толығырақ »Қазақ тілін қолдану мен тұтынуға қатысты ауылдық жерлердегі көзқарастар
Қазақ тіліне қатысты елімізде түрлі көзқарастар мен түсініктер қалыптасқан Соның ішінде кең таралған пікірлердің бірі – «Қостанай облысы – орыстілді, ал оңтүстік өңірлер – қазақтілді» деген тұжырым. Алайда бұл пікір шынайы жағдайды толық бейнелей алмайды. Мысалы, Қостанай облысының ауылдық аймақтарында халықтың басым бөлігі күнделікті өмірде қазақ тілін еркін қолданып, тұрмыста ана тіліне сүйенеді. Керісінше, оңтүстік өңірлерде, әсіресе қандастар көп шоғырланған ...
Толығырақ »Науырзым ауданына 60 жыл
Қостанай облысындағы Науырзым ауданына 60 жыл! Жалпы, Қостанай облысы республикамыздағы аса ірі өңір екені белгілі. Бұған дейін жазғанымдай халық саны бойынша уақытында (Кеңес Одағы ыдырау кезеңінде) облыс жерінде 1 223 844 адам тұрған еді. Өкінішке орай, республика бойынша халық санының азаюы жөнінен қазір СҚО кейін екінші орын аламыз. Алдағы уақытта да аймақ халқының саны одан сайын азая түседі, бұл әсіресе ...
Толығырақ »Балаларды қашанғы құрбандыққа шаламыз?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына! Қымбатты еститін Үкімет! Осыдан бір жыл бұрын осы «әлеуметтік желіде «Ақсақаловқа алты сұрақ» деген жазба жарияладым. Бірақ жауап болмады. Мейлі жауап беруді «мәртебелі әкім мырза» лайық көрмесе де Торғай өңіріне деген көзқарас өзгеріп, жұмыстар жүргізілсе болды ғой деп сабырға келіп күткен болатынбыз. Алайда үміт ақталар емес. Қыс басталмай жатып Торғайда жарық сөніп, қазандық жарылып , балалар ...
Толығырақ »Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан
Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы Д. есімді азаматтың әкімшілік талап арызын қарап, тиісті үкім шығарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап. 2024 жылғы 28 наурызда қала аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған және су тасқыны салдарынан зардап шеккен, әлеуметтік ...
Толығырақ »Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында өңір басшысының ауданның бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысанын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуі жоспарланған. Фото: primeminister.kz
Толығырақ »Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады. Фото: Ақорда
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz