Жетімдер үйінен шыққан Руслан Қонақбаевтың тұрғын үй қатынастары бөліміне және Қостанай әкіміне қатысты талап арызы бойынша сот процесі 6 сәуірде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Наша Газета сайтына сілтеме жасап. Руслан – жетім, 1-топтағы мүгедек. 2023 жылғы ақпанда ол азаматтарды бірыңғай қабылдау кезінде Қостанай облысының әкіміне жүгінді. Дәл осы мәселе жуырда сотта қаралатындықтан, Құмар Ақсақалов ол кезде ...
Толығырақ »Tag Archives: Баспана
Аманқарағай ауылының тұрғындары үшін 100 шаршы метр баспана салынады – министрлік
Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тілсіз жалыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі – Аманқарағай ауылы. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымдалған. ...
Толығырақ »Үйің болмай — күйің болмас
Бүгінде басыңда баспанаңның болу-болмауы әлеуметтік жағдайыңның, қоғамдағы орныңның, материалдық-қаржылық ахуалыңның белгісі іспетті. Жеке пәтері бар адам өзін ауқатты демей-ақ қояйық, әйтеуір қаржысы жеткілікті адам ретінде сезінетіндей жағдайға жетті. Тіпті 10-15 жылдай уақытша баспанада тұрып, кейін әупірімдеп жүріп пәтер алғандар кәдімгідей мақтанып, бұл әрекетін үлкен ерлікке балап жүр. Демек, бүгінгі қоғамда баспана әлеуметтік жағдайдың индикаторы болып тұр. Уақытша баспана демекші, жуырда ...
Толығырақ »Жастар неге «жұмақты» жат жұрттан іздейді?
Қазіргі таңда шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе, жайлы өмір іздеген жастар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ...
Толығырақ »Пәтерге қалай ақша жинауға болады?
Жалақымыз өмір сүруге әрең жетіп, онымен қоса, әлі күнге дейін баспанамыз болмаса не істеу керек? Жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе ипотека бойынша баспана алу үшін алғашқы жарнаны жинау мүмкін бе? Қиындықтармен бетпе-бет келіп, қалай берілмеу керек? Осы ретте «Крыша» порталы қаржы жоспарын құрып, бюджетті қалай ұтымды жұмсау керектігі жайлы кеңестер ұсынады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші кезекте үйді сатып алу ...
Толығырақ »Қостанай облысында 1 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр
Облыс әкімдігінде Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының аймақта жүзеге асырылу жайы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері және ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы мен екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. «Биылғы жылдың 31 мамырында «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаның арқасында 2018-2021 жылдар аралығында Қостанай ...
Толығырақ »