Пәтерге қалай ақша жинауға болады?

Жалақымыз өмір сүруге әрең жетіп, онымен қоса, әлі күнге дейін баспанамыз болмаса не істеу керек? Жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе ипотека бойынша баспана алу үшін алғашқы жарнаны жинау мүмкін бе? Қиындықтармен бетпе-бет келіп, қалай берілмеу керек? Осы ретте «Крыша» порталы қаржы жоспарын құрып, бюджетті қалай ұтымды жұмсау керектігі жайлы кеңестер ұсынады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші кезекте үйді сатып алу жоспарын құрып қоймасаңыз, ешқашан пәтер ала алмайтыныңызды біліп алу керек. Бастапқыда ақшаның қайда жұмсалатынын, және оны қалай жұмсау керектігін, сондай-ақ, ақшаны қалай жинау керектігін үйреніп алған абзал. Өмір сүру үшін қанша ақша керек? Ақша қайда жұмсалады? Бір жылда адамға тамақ тұтынудың ұтымды нормасы бойынша деректер жиналды (құжат «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заң шеңберінде бекітілді) және өнімдерді сатып алу пункттері болды. Тізімге 50-ге жуық өнім кірді: нан, жарма, ет, картоп, сүт өнімдері, май, шәй — артық ештеңе жоқ. Алайда бағасы таңғалдырады. Бір жылдың ішінде 2018 жылдың қыркүйек бағасымен санағанда бір адам 445 мың теңге жейді екен немесе айына шамамен 37 мың теңге. Ұсынылған жеңілдіктер мен күзгі көкөністерге арналған төменгі бағаны ескере отырып — шамамен 33 мың. Отбасы үш адамнан тұрса, олардың біреуі бала болса, онда теориялық шығын 100 000 теңге болуы мүмкін.
Балалардың тұтыну нормасы аз болғандықтан, біршама аз кетеді. Бірақ газдалған сусын, чипсы, кофені санар болсақ, онда шығын көп. Отбасылық азық-түліктің шартты бюджетін барынша кесіп тастаған кезде яғни, бал, шұжық, балық, консервілер сияқты кейбір қымбат өнімдерді алып тастасақ, 60 000 теңгеге дейін қысқарады. Гигиеналық тұрмыс заттарын сатып алған кезде (тіс пастасы, сабын тағы басқа) 3000 теңгеге шықты деп санағаныңыз күмән туғызады. Кезекті шаштаразға бару керек па? 2 мың теңгеңізді дайындай беріңіз. Шыққан шығынға тағы көлік тасымалына кететін ақшаны қосуды ұмытып кетпеңіз. Орташа есеппен айына — 5000 мың теңге, бұл егер таксимен жүрсеңіз. Бұл әлі бастамасы.
Кеңсе тауарлары, байланыс, киім, дәрі-дәрмектер және сіз бәрін қалай сатып алғаныңызды байқамай-ақ, бәрі бюджетке айтарлықтай әсерін береді. Сіз барлық жылдық шығындарды жинасаңыз, онда 400 мыңға жуық ақша табу оңай. Бұл шамамен айына — 30 мың теңге. Осылайша, шығын сомасы 150 мың теңгеден асты, яғни олар салық үшін түзетілген орташа жалақыдан асып түсетінін білдіреді. Көп отбасының басты проблемасы — жалақының жартысын жалдамалы пәтерге 50 000 теңге жұмсауы. Жас отбасы 100 000 мың теңгеге пәтер жалдады делік, ал үй отағасының айлық жалақысы (150 000 теңге). Есептесек, бір адам күніне 1 мың теңге жұмсайды екен. Оның ішінде (жолы, тамағы, гигиеналық заты) бар. Осындай шығыстардан кейін тағы қарыз алсаңыз, онда күнделікті керек заттарыңызға шектеу қоюға тура келеді. Айлық жалақыңыз 200 000 теңге я одан да көп 300 000 теңге болса, онда тұрғын үй мәселесі шешімді. Пәтер сатып алуды айлық жалақыңыз аз болған күннің өзінде 15 миллион теңгеге жоспарласаңыз ақылға қонымды. Қаржы жоспарын құрамыз. Қанша ақша жинау керек?
Қазір сіздің алдыңызда тұрған бірінші жоспар — ақша қайда кеткенін анықтау. Шығысты әрдайым бақылауда ұстап отыру қиын, алайда арнайы әдістері бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Отбасы, ерлі-зайыпты айына 150 000 мың теңге тауып, оның 70 000 теңгесін пәтерге беретін болса, жоспар былай болуы әбден мүмкін:
1). Айлық жалақыны аламыз (150 000 + 150 000 = 300 000 теңге).
2). Пәтер мен коммуналдық қызметтер (70 000).
3). 230 000 қалады. Оның 20 пайызын бірден сақтап қалып, депозитке саламыз (46 000 теңге).
4). 50 пайыз немесе 115 000 теңгені (азық-түлікке, жолға, балабақшаға және тағы басқа шығындарға) қалдырамыз. Теориялық тұрғыдан қарайтын болсақ, кеңес берілген нормалық шығыстан шықпайтын болсаңыз, отбасыңызға 50-60 мың теңге жетеді екен. (Таксиге емес, «Оңай» транспортына) 5 мың теңге, балабақша — 20 000 теңге. Нәтижесінде күнделікті керек-жараққа 30 000 теңге ғана қалады. Сондықтан мұндай жағдайда ақшаны тиімді әрі ақылен жұмсаған жөн.
5). Бюджеттің 30 пайызы немесе 69 000 теңгені ойын-сауыққа қалдырамыз. Оның ішіне: кафе, киім-кешек, косметика, тұрмыстық заттарға және тағы басқа. Негізінде осындай қаражаттарға айлықтағы ақшаны емес, бөлек бюджет арнау керек. Нәтижесінде, 4,5 жыл көлемінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге көлемінде бастапқы жарнаны жинап алуға болады. Ақшаны ұзақ жинау керек пе?

Әр түскен жалақыдан 30 000 теңге жинап отырса, 6 жыл ішінде бастапқы жарнаны яғни, мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 пайыз ақшаны жинай аласыз. Кейін жалдау төлемдері шамамен ипотека бойынша төлемдерге тең болады. Жинай алатын ақшаңыз 50 000 теңгеге жетсе, онда жарнаның ақшасы 4 жылда жиналады. 100 000 теңге мөлшерлемесін алып тастағанда, бұл мерзім 2,2 жылға дейін қысқартылады. Ипотекаға алғыңыз келмесе, пәтерге қажет 15 миллионды кем дегенде сегіз жылда жинауға болады екен.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...

Бір пікір

  1. Есептеуіңіз орынды, бірақ 150 000 теңге жалақыны кімдер алады? Нақты жазып жіберсеңіз. Мектептен басқа ұйымдарда ондай жалақы жоқ. ҚР Білім беру ісінің үздігімін. Менің жалақым Қазақстан Республикасындағы білім саласында 39 жыл стажбен 65000 теңге. Сол 65 000 теңгені қалай үнемдеу керектігін жазып жіберсеңіз қуана құптар едім.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *