Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Ахмет Байтұрсынұлы Жалпы, ес біліп, қара танығаннан Ахмет Байтұрсынұлының есімін естіп өстік. Биыл 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқан алашшыл қайраткерді тек торғайлық жерлесіміз деп емес, ұлтымыздың шын жанашыр тұлғасы ретінде танимыз. Кейін білім ала бастаған соң ...
Толығырақ »Tag Archives: Гүлім Ысмағұл
«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары өтті. Аты айтып тұрғандай, семинар жұмысы Ахмет бабамыздың кіндік қаны тамған туған жері А.Байтұрсынұлы ауылында ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар Байтұрсын әулетінің қорымына барып, аруақтарға арнайы құран бағышталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Іс-шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, AMANAT партиясы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты ...
Толығырақ »Жангелдин ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты семинар болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Семинардың басты мақсаты — Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру. Осы стратегиялық құжаттың сыбайлас ...
Толығырақ »Алтын Ордаға — 750 жыл: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы онлайн дөңгелек үстел өткізді
Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараны орталық директоры Гүлім Ысмағұл құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан болатын» деген мекеме басшысы, тарих беттерінен ойып ...
Толығырақ »PRIMARIES. Гүлім Ысмағұлдың сайлауалды бағдарламасы
Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды. Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым. Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру ...
Толығырақ »Пандемия және праймериз
«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз ...
Толығырақ »