Жангелдин ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты семинар болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Семинардың басты мақсаты — Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру.  Осы стратегиялық құжаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі екендігі туралы жан-жақты жеткізу.

Іс-шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары Дінмұхаммед Бидашев, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, Nur Otan партиясы Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев, Жангелдин ауданының соты Абылай Кожақов, Жангелдин ауданы прокурорының көмекшісі Мақсат Жұманғалиев қатысып, сөз сөйледі.  Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі ММ-сі басшысы Жадыра Қошеметова, Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі ММ-сі басшысы Дастан Әбжамалов қатысты.

Жиында баяндама жасаған спикерлер қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамымызға зияны жан-жақты талқыланды.

Семинарды аудандық Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлім Ысмағұл жүргізіп отырды.

Сондай-ақ Тілдерді оқыту орталығында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел де өтті.  Онда көрнекілік құралдары таратылып, жетілдірілген латын қарпі жобасы насихатталды.

«Біздің аудандық тілдерді оқыту орталығының негізі жұмыс бағыты — латын әліпбиін түсіндіру, насихаттау. Өздеріңізге мәлім, биыл 28 қаңтарда латын әліпбиінің жаңа жетілдірілген жобасының нұсқасы таныстырылды. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көшу 2023 жылдан 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр. Осы орайда «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында жаңа жетілдірілген латын негізді қазақ әліпбиін түсіндіру жұмыстарына арналған семинардың келесі бөліміне көшуге рұқсат етіңіздер» деді Гүлім Мылтықбайқызы.

Сондай-ақ орталық директоры латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайтынын, тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Осы орайда латын әліпбиінің маңыздылығы мен қазіргі қоғамға қажеттілігі турасында «Жангелдин аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алма Әбішева, «Жангелдин мұражайлар кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлбану Сәрсекей сөз сөйледі.

Семинардың екі бөлімінде сөз сөйлеп, пікір білдірген спикерлерге Алғыс хаттар тапсырылды.

 Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *