«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni.

Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.

Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Осыдан кейін республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығарылады, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қаланы дамытуға қатысты қосымша ақпарат депутаттарға жіберіледі.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген мәселелер Үкіметтің ұдайы бақылауында және оларды шешу бойынша жұмыс одан әрі жалғасады, — деді Үкімет басшысы.

Фото: 24.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...