Tag Archives: жұмыс сапары

Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды

Жұмыс сапары аясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші кезекте ол «Қайрақ» шекаралық бақылау жұмысын қарап шықты. Өткізу қуаты тәулігіне 7000 адамға дейін және 3000 көлік құралын құрайды. Пандемияға байланысты өткізу жүйесіне жүктеме азайды. Қазір өткізу қуаты тәулігіне 1500 адам мен көлік құралына дейін төмендеді. Бекетте барлық санитарлық-эпидемиологиялық ...

Толығырақ »

Арқалықта барлық нысан жылыту маусымына дайын — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап. «Алдымен қуаттылығы 7500 бас мал болатын мал шаруашылығы кешенінің құрылыс барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңге. Нысан 2-кезеңде пайдалануға беріледі. 2021 жылғы ақпанда бордақылау алаңы, ал 2021 жылғы қыркүйекте репродуктор енгізіледі» деп жазды әкім. Архимед Бегежанұлы бұдан әрі ЖЭО «Арқалық ...

Толығырақ »

Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...

Толығырақ »