Арқалықта барлық нысан жылыту маусымына дайын — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Алдымен қуаттылығы 7500 бас мал болатын мал шаруашылығы кешенінің құрылыс барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңге. Нысан 2-кезеңде пайдалануға беріледі. 2021 жылғы ақпанда бордақылау алаңы, ал 2021 жылғы қыркүйекте репродуктор енгізіледі» деп жазды әкім.

Архимед Бегежанұлы бұдан әрі ЖЭО «Арқалық ЖЭК» МКК-де болды.

«Қазіргі уақытта 2019-2020 жылғы жылыту маусымының соңында жағу мазутының қалдығы 6440 тоннаны құрайды. Бюджетте 1,39 млрд теңге қарастырылған, оған шамамен 18 500 мың тонна мазут сатып алу жоспарланып отыр, ол 2020-2021 жылғы жылыту маусымын өткізу үшін жеткілікті болады. Қазіргі уақытта барлық нысандар жылыту маусымына толық дайын.
Кейін Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта құру барысын тексердім. Жобаны іске асырудың жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайды. Жаңа жылу көзінің құрылысын қарап шықтым. Бүгінгі таңда бас ғимараттың құрылысы жалғасуда, екі циклон мен екі су жылыту қазандығының монтажы аяқталды. Нысанда барлығы 130-дан астам қызметкер жұмыс істеп жатыр» деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы «Жігер» стадионына да барды. Бұл стадионда спорт залын күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жоба ЖҚЖК аясында жүзеге асырылуда. Қайта құру аяқталғаннан кейін көрермендердің сыйымдылығы 1600 орын болады.

Архимед Мұхамбетов бұдан соң № 2 орта мектепке барды. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Жоба құны 381,4 млн  теңге, ЖҚЖК аясында жүзеге асырылды.

Арқалық өңірлік ауруханасына барып, аурухананың жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, сондай-ақ, дәрі-дәрмек қорын тексерген өңір басшысы дәрі-дәрмектер қоры шамамен 3 айға жететінін мәлімдеді.

«Соңында жұмыртқа өндірумен және сатумен айналысатын «Агроинтерптица» ЖШС-ға бардым. Сапар барысында құс тұмауының одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі ағымдағы жағдаймен таныстым. Карантин енгізілді, жағдай ерекше бақылауда. Кәсіпорын басшылығына қызметкерлерді қысқартуға жол бермеуді ұсындым.
Сапар қорытындысы бойынша Арқалық қаласының әкімі Қ.Әбішевке қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс жүргізуді тапсырдым» деп жазды облыс әкімі.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *