Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандыеғы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен ...
Толығырақ »Tag Archives: орынбасар
Рудный әкімнің орынбасары «cұмырай» деген сөзі үшін жұмыстан кетуі мүмкін
Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік қызметкеріне айтқан балағат сөздері үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап. Балағат сөздер әкімдік ғимаратын күтіп ұстауға жауапты комендант әйелге айтылған. Әкімдікте кіру және шығуды қадағалау үшін арнайы рұқсат қағаз арқылы өтетін бақылау жүйесі орнатылған. Дереккөздің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары бұл бақылау жүйесін айналып өткен. 28 қыркүйекте де ол бақылау жүйесін ...
Толығырақ »Қостанайда жалған іссапардан пайда тапқысы келген шенеунік сотталды
Алаяқтық жасады деп айыпталған аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасарына қатысты үкім шықты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Сотталушы бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ұрлаған. Ол лауазымды тұлға ретінде мемлекеттен іссапарларға бөлінген қаражатты жымқыруға әрекет жасаған. Сотта анықталғандай, айыпталушы осы жылдың қаңтар айында қарамағындағыларға екі инспекциялық бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу үшін қажетті құжаттарды дайындау ...
Толығырақ »Қостанай облысында көлік құрастырудың әлеуеті артады
Қостанай облысында Lada автокөліктерінің барлық моделі шығарылып, сондай-ақ, КамАЗ жүк көлігінің жаңа үлгісі құрастырылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілі Денис Пак Қостанай өңіріндегі өндірістік кооперацияның әлеуетін барлап көріпті. Үкіметтің баспасөз қызметі отандық зауытта көліктерге қажет шанақ өндірісінің технологиясы игеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Роман Скляр КамАЗ компаниясының бас директорымен бірге жаңа ...
Толығырақ »