
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ҰҚК тарапынан ірі көлемдегі жемқорлық ісімен ұсталған күдікті – орынбасары Гүлбарам Мұсағазина туралы пікір білдіріп, ол биыл 11 ақпанда өз өтінішімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қостанай облысы әкімінің орынбасары тергеліп жатыр
Өңір басшысының айтуынша, қазіргі уақытта шенеунікке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

(Фото: Gov.kz)
Өздеріңіз білетіндей, Гүлбарам Мусагазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласып, оған баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін, — деді «ТоболИнфо»-ға Құмар Ақсақалов.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын ҰҚК баспасөз қызметі растаған болатын.
Фото: Қостанай облысы әкімдігі
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz