Tag Archives: Төлен Әбдікұлы

Төлен ӘБДІК. Қонақтар

Әңгіме Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай үйге соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды. Мәсісін де, шұлғауын да ешкімнен сұраған жоқ. Кенет әжептәуір қатқыл дауыспен: — Әй, шақшам қайда? — деді ұйқылы-ояу жатқан кемпіріне. — Кемпір естіді ме, естімеді ме — міз бақпады. Ерғабыл оның үстіне ...

Толығырақ »

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері

    (Эссе)      Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқып шықтым. Солардың ішінен бір әңгіме ерекше әсер етіп, балалық көңілімде айрықша ізін қалдырып кетті. Әңгіменің аты «Оң қол», авторы – Төлен Әбдіков еді. Оймақтай ғана әңгіме мені түпсіз терең ойдың шыңырауына батырып жіберіп, жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ ...

Толығырақ »

Абсурдизм және Төлен Әбдіктің «Ақиқаты»

ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы прозада шығармалардағы мекен мен мезгілдің нақтыланбауы, жазушылардың кеңістік пен уақыттық өлшемдерге басқаша қарай бастауы, қоғамдық-идеялық фактордан алыстап кету немесе мүлде ескермеу, әлеуметтік белсенді кейіпкерлерден бас тарту т.т. соны сипаттар алғашында тосырқатып тастағаны рас. Қоғамдық идеалдың бұлыңғырлығын, трагизмнің шектен тыс қоюлығын, кейіпкердің әрекетсіздігін тілге тиек еткен сындар да болып жатты. Өйткені әдебиеттің мүлде жаңа сорапқа түсуі, тың ізденістер ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Біз де күресіп көргенбіз

– Төлен аға, сізді жұрт жақ­сы жазушы ретінде таны­ға­ны­мен кезінде белгілі палуан болға­ныңызды екінің бірі біле бермей­ді. Сондықтан сіздің спорт­тық өміріңіз жайлы әңгі­ме өрбітсек дейміз. Ал енді сөз тізгіні өзіңізде… – Жалпы ер баланың бойында, нақтырақ айтқанда жаратылысында мықты болсам, күшті болсам деген талпыныстың болуы заңдылық. Ондай талпыныс болмаса, одан ертең қандай жігіт шығуы мүмкін? Ер бала өзін ел қорғайтын ...

Толығырақ »

Президент стипендиясы тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды. Бұл тізімде торғайлық жазушылар да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Олар: Төлен Әбдікұлы — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сәбит Досанов — 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері; Қойшығара Салғараұлы — 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Ханның үстемдігі емес, заңның үстемдігі керек

– Төлен аға, әуелі сізді «Нұр Астана» жастар апталығы атынан ІІ республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында «Ардагер» атты пьесаңыздың «Ең үздік драмалық шығарма» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алғанымен құттықтаймыз! – Рахмет! – Осы күнде «газеттерді ашып қалсаң, теледидарды басып қалсаң» бейнесі таныс қаламгерлерден көз сүрінеді. Бірақ сіз ондай ортадан төбе көрсете қоймайсыз. Неліктен? – Баспасөз беттерінде, телеарналарда, жиі болмаса да, ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ. КӨРШІ

(әңгіме) Пойызға отырарда әдетте адам­ның көңiлiнде «купеде қасыма қан­дай адам тап болар екен» деген бiр күмәндi қызығушылық тұрады. Жас­тау бiреу болса, әдемi қыз-ке­лiншектiң болғанын, ересектеулерi – әңгiмелесетiн зиялы кiсiнiң бол­ға­нын, ал қарт адам болса, тыныш­тық үшiн тiптi ешкiмнiң болмаға­нын тiлер едi. Ал менде бұл жолы бәлендей ба­­сы ашық тiлек болған жоқ. Тек мас­күнем бiреу болып, мазамды алып жүрмесе екен деп ...

Толығырақ »

ӘКЕ

Бүгін торғайлық ұстаз-ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» туындысының авторы – әкем Ғалымбек Әбілқайырдың туғанына 74 жыл… Осыдан төрт жыл бұрын дүние салғанда егіліп отырып жазған осы бір жазбамды тағы бір мәрте ұсынып отырмын. Автор  …Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірі өлмейтіндей көрініп еді-ау… Әкем Ғалымбек Әбілқайыр өз ортасына сыйлы, қадірменді ұстаз ...

Толығырақ »