ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды. Бұл тізімде торғайлық жазушылар да бар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.
Олар: Төлен Әбдікұлы — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сәбит Досанов — 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері; Қойшығара Салғараұлы — 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ыдырысов Әбілфайыз — 1930 жылы туған, жазушы.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың толық құрамы мына сілтемеде:
https://www.inform.kz/kz/elbasynyn-madeniet-salasyndagy-memlekettik-stipendiyasy-tagayyndaldy_a3456492
tobyl-torgai.kz