Tag Archives: Федеров ауданы

Федоров ауданында элеватор өртеніп кеткен (ВИДЕО)

Қостанай облысының Федоров ауданы орталығындағы ескі элеватор өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». 1929 жылы салынған нысан түс ауа отқа оранған. Алдымен айналасындағы қураған шөп жана бастаған. Сосын желдің екпінімен қызыл жалын ағаштан салынған астық кептіргішті шарпыған. Өрт болжам бойынша 1 080 шаршы метрді қамтыды. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, элеватор жұмыс істемейді, бос тұр және елді мекенге де қауіп төніп тұрған жоқ. ...

Толығырақ »

Федеров ауданында жоғалып кеткен баланың денесі судан шығарылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 20 маусым күні Федоров ауданында тұратын 8 жасар бала үйінен шығып, содан қайтып оралмаған. «ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік сақтаңыздар», — деп ескертті ведомоствоның баспасөз қызметі.  

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына барды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі алдымен аудандағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралады. «Промбаза 7» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 650 тонна зығыр, 380 тонна күнбағыс майы өндірген. Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына өндірісті биылғы көрсеткіштен түсірмеуді тапсырды. Жалпы, Федоров ауданында Елбасының ...

Толығырақ »

Федоров ауданына тарихи атауын неге қайтармаймыз?

Қыстың аяқталар тұсы еді. Алда көгілдір көктем. Аудан орталығынан шыққан автобус шыға беріс жақын маңдағы бір ауылдың тұсына жете бере тоқтады. Көлікке жасы алпыстардан асқан жасамыс кісі мінді. Жанына жайғасқан мосқалдау жолаушы да мұнымен бірден шүйіркелсе кетті: — Қыдырыс па, замандас? Жол ұзақ, әңгіме айта отырыңыз! — деді көлік орнынан қозғала бастағанда жанынан бұған орын ұсына беріп. Мұның жанарынан қу ...

Толығырақ »

Федеров ауданы орталығына газ келді

Қостанай облысы Федоров ауданының орталығына көгілдір отын берілді. Село ішіндегі газ құбырларының өткен жылы басталған құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, тұрғындарды құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында Федоров селосын газбен қамтамасыз етіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын үлкен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталған болатын. Рудный қаласынан басталған 68 шақырымдық құбыр Қашар кенті арқылы ...

Толығырақ »