Федоров ауданына тарихи атауын неге қайтармаймыз?

Қыстың аяқталар тұсы еді. Алда көгілдір көктем. Аудан орталығынан шыққан автобус шыға беріс жақын маңдағы бір ауылдың тұсына жете бере тоқтады. Көлікке жасы алпыстардан асқан жасамыс кісі мінді. Жанына жайғасқан мосқалдау жолаушы да мұнымен бірден шүйіркелсе кетті:

— Қыдырыс па, замандас? Жол ұзақ, әңгіме айта отырыңыз! — деді көлік орнынан қозғала бастағанда жанынан бұған орын ұсына беріп.

Мұның жанарынан қу тіршіліктің мұңы сәл сейілгендей болды. Осындай сапарласты жолықтырған Құдайына шүкіршілік айтып ішінен қуанғанымен, сыртқа білдірткісі келмей сабырмен ғана:

— Несін сұрайсың, біздікі бала-шағаның қамы да, — деді көп жайды аңғартып.

— Жақында балалар қызметке тұрып, қолғабыс етуге барамын. Былтыр немеремді балабақшаның қазақ тобына беріпті деймін. Қоса ма десек, қазақшасын азайтыпты. Былдырлап жүрген баламыз, қайдан үйренгенін құдай білсін, орысша бірдеңелерін шүлдірлеп келетінді шығарды… Ауылға алып келуді ұйғардым.

— Оның несін айтасыз, ақсақал! Міне, жан-жағыңызға қараңыз, елді мекендердің атауы түгел дерлік әлі күнге кеңес кездегіден арыла алмай отыр…

— Сен оны айтасың… Ауданымыздың атын алып отырған Федоровты керемет бір Кеңес Одағының батыры ма деп келдік-ау осыған дейін. Елімізге еңбегі сіңіп жатса оқасы жоқ қой. Сөйтсем, анада ауданның мерейтойына қатысты жиын болған. Сонда сөз алған атқамінеріңіз баяндамасында пәлсапасын соғып отыр. Әңгімесінің төркініне қарағанда, бағзы заманда осы маң қу дала екен дейді. Елсіз жерді гүлдендіреміз деп кәсіби мамандар келеді ғой. Олар басында қазіргі Жаркөлдің тұсына аялдапты. Көл жағасында балық аулап отырған орыстың шалын көздері шалып, жөн сұрайды. Көкелерін көргендей қуанған шал келген қонақтарын құдайындай күтеді. Әлгінің аты Федор екен. Міне, көрдің бе, айдалада кездескен бейбаққа жаңа елді мекеннің атын сөйтіп бере салған…

Жақында әлеуметік желіден бір қуанышты хабарды оқып отырып, әлгі жайды еріксіз еске түсірдім. Сонда еңбегі сіңген ардақты кісілер жергілікті тұрғындардың ризашылығын ала алмай, елді мекеннің атын иеленуден тыс қалады екен де, айдаладағы балықшыларға, халықтың өзін теріс жолға итермелеп, жолында мерт қылған қаһармандарына құрбан болып кетеді екен.

Үшбу хатты оқып, бір жағы қуандым, бір жағы осындай ойға қалдым. Онда бұрынғы Таран селосының аты «Әйет» деп өзгертілетіні туралы айтылған. Орын алар жайтқа жергілікті халық қарсы пікір білдіріпті. Өкінішке қарай, олардың арасында орыстілді қазақ бауырларымыз да бар болып шықты. Осыдан ұққанымыз, ел егемен алған тұстан талқыға салынып, күзде ғана жар салып айтқан Таран ауданының аты қазақтың ұлы тұлғасы Бейімбет Майлинге ресми түрде әлі берілмегені ме? Сол кезде қолдау тапты деген Әйет атауы Таран селосына берілді деген сөз жалған болғаны ма?

Федоров ауданына тарихи «Жаркөл» атауын қайтаруға не кедергі болып отыр?

Айбек ЖҮЗБАЙ

abai.kz

Мынаны да қараңыз

Фёдоров қашан Жаркөл болады?!

«Құйылып тұрған көктен нұр, Жиылып тұрған көктем-жыр, Айдында шабақ шоршыған, Жаркөлдің суы мөп-мөлдір» деп келетін ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *