Tag Archives: қобыз

Торғайдың дәстүрлі қылқобыз орындаушылары туралы

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде көнеден жеткен қобыз аспабы киелі саналады. Қоңыр дауысты, тембрі бай, мұңлы-зарлы үні бар қобызды екінің бірі ойнай бермеген. Көп жағдайда жыраулар мен абыздар, бақсылар қолданған қобыз әдеттегі саз аспабы емес, бақсы-шамандардың құралы деген де пікірлер қалыптасқан. Қазақ арасындағы аңызда қобызды ойлап тауып, алғаш тартқан адам Қорқыт деп айтылады. Осы Қорқыттан қалған қобызшылық өнер Торғай өңірінде де ...

Толығырақ »

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ҒАСЫР БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ҚОБЫЗ БАР

Қостанай облысында осыдан екі жарым ғасыр бұрын жасалған қобыз табылды. Замана запыранын зар ғып тартқан көне жәдігерді көздің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін жеткізген Құрмановтар әулеті. Бұл туралы редакциямызға осы әулеттің үлкені — Данияр Құрмантегі есімді азамат хабарлады. Оның айтуынша, нар қобызға биыл шамамен 245 жыл болады. ХХ ғасырдың бастапқы жылдарына дейін қолдан түспей келіп, кейін тасада қалған киелі аспап бүгінде ...

Толығырақ »

ҚОБЫЗ-АБЫЗ туралы аңыз

  Халық аңызына қарағанда, қобыз аспабын Қорқыт ата жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан болып шығады. Оның қобызды ойлап табуы жөнінде ел арасына кеңінен тараған бір тәмсіл бар. Онда былай делінеді… «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін ...

Толығырақ »