Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған. Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген. 1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды. tobyl-torgai.kz
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Федеров ауданы орталығына газ келді
Қостанай облысы Федоров ауданының орталығына көгілдір отын берілді. Село ішіндегі газ құбырларының өткен жылы басталған құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, тұрғындарды құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында Федоров селосын газбен қамтамасыз етіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын үлкен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталған болатын. Рудный қаласынан басталған 68 шақырымдық құбыр Қашар кенті арқылы ...
Толығырақ »Әулиекөлде — жаңа әкім
Қостанай облысының Әулиекөл ауданына жаңа басшы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов Әулиекөл ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті активке ауданның жаңа басшысы Асxат Қисықов таныстырылды. Ол бұған дейін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал ауданның бұрынғы әкімі Жансұлтан Тәукенов облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне ауысқан болатын. Өңір ...
Толығырақ »Арқада жер еркесі Қызбел деген…
Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған ...
Толығырақ »Қарабалықта 220 келі тартатын бұзау өсіріледі
Қостанай облысының кәсіпкерлері шетелден етті сиыр алдырып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр деп хабарлайды Хабар 24. Осы жолы Қарабалық ауданындағы серіктестік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан 1843 бас абердин ангус сиырын сатып алды. Етті ірі қараның ерекшелігі — сегіз айлық бұзауы 220 келі тартады. Үш жастағы сиырлар 500 келіден астам ет берсе, бұқасы 850 келіден асады. Жалпы, 2010 жылдан бері Тобыл ...
Толығырақ »Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық ауруханасына шағым айтқан Жанкелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Ләззат Жармақ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Онда ол облыстық аурухана қызметкерлерінің сорақы қылығына ашынып, жанайқайын жеткізеді. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Денсаулығы нашарлап, Қостанай облыстық ауруханасына барған Ләззат Жармақ ондағы медицина қызметкерлерінің, нақтырақ айтсақ, гинеколог-дәрігер Шавелеева Альбинаның ауруының асқынғанына қарамастан, өзіне ...
Толығырақ »Қостанайда өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сабақ береді
Қостанай облысында бүгінде қазақ тілін меңгеріп, тіпті осы пәннен сабақ беріп жүрген өзге ұлт өкілдері бар деп хабарлайды timepress.kz желілік басылымы kaztrk.kz-ке сілтеме жасап. Римма Афанасьева Жітіқара ауданында дүниеге келген. Өскен ортасында қазақша сөйлейтіндер мүлде болмапты. Орыс мектебінде оқыған. «Қазақ тілін меңгеруге өзімнің қызығушылығым мен осы пәннен сабақ берген ұстазым себеп болды» дейді ол. «11-сыныпты бітірген кезде «Мен қандай пәнді ...
Толығырақ »Білім беру саласына сандық технологиялар енгізіліп жатыр
Биыл Қостанай облысында денсаулық сақтау және білім беру нысандарының интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 432,5 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде қалалық және ауылдық мектептердің 85 проценті, сондай-ақ, медициналық мекемелердің 93 пайызы интернет желісіне қосылатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Сондай-ақ аймақтың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи жабдықтармен ...
Толығырақ »Архимед МҰХАМБЕТОВ: Тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударып отырмыз
Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, өңірде ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің ...
Толығырақ »Облыстың «Торғай» деп аталуына қарсымын — Архимед Мұхамбетов
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп өзгерту жөніндегі бастамаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі timepress.kz желілік басылымына сілтеме жасап. Брифингте бастамашыл топтың аймақ атауын өзгертуге қатысты ашық хаты туралы сұрақ қойылған. «Ол хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан байырғы атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 ...
Толығырақ »