Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...
Толығырақ »Tag Archives: Қызмет
Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті
Қуандық Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Рудный әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Ионенкоға қала әкімінің міндеттерін уақытша атқару жүктеліп, қызметке тағайындалды. Оның инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ Виктор Ионенко Денисов, Меңдіғара, Қарасу аудандарының әкімі болған.
Толығырақ »Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан кетті
Оның осы лауазымдағы соңғы үндеуін Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі бүгін Вячеслав Юрьевич жетекші ретіндегі соңғы жұмыс күнін өткізді деп хабарлады. Ол өз еркімен орнын босатуға шешім қабылдаған. Вячеслав Дудник дәрігерлермен онлайн конференция өткізіп, үндеу жасады. «Мен өз еркіммен кетемін, өз шешіміммен, өйткені Денсаулық сақтау басқармасы басшысының осы лауазымындағы миссиям толық ...
Толығырақ »