Оза шауып, бәйге алған!

%d0%b1%d0%b0%d0%ba-%d0%ba%d0%b7

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылғанына 1 жыл ғана болған біздің «TOBYL-TORGAI.KZ» сайты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік Тілді Дамыту Қоры бірлесіп ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауы» бойынша «Шынайы өмір» аталымының жеңімпазы болып танылды. Сонымен қатар дипломмен марапатталып, сайт ұжымына қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт ретінде 300 000 теңгеге ақшалай сертификаты қоса берілді.
Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

«Біріміз ойда, біріміз қырда» жүрсек те, бір мүддеде тоғысып, үлкен істі қолға алдық. Бұған журналист Ғанибет Ғалымбекұлының ортаға тастаған идеясы себеп болғаны анық. Сондай-ақ бұл істің бел ортасында жүріп, жұрт қызыға оқитын мақалалар жазған Еркеғали Бейсенов, Аслан Қанғожин, Абылай Мауданов сынды азаматтарды ерекше айту керек. Ойымызды іле қостаған Талғат Әмірхамзин, Жәнібек Аянбай мен Шалқар Әміржан бауырларымыз кеңесе келе Ғанибет Ғалымбекұлын бас редактор етіп сайлағанымыз кеше ғана сияқты еді. Азамат Есенжол бауырымыз да бізді қуаттаған топтың ішінде болды. Аз уақытта көп мəселе көтердік деп ойлаймын. Астықты өңірдің руханиятын жандандыруға жан-тəнімізбен үлес қостық, тарихи, танымдық, сыни дүниелер жарияладық. Кей материал 45 мыңнан астам оқырман жинады, ол, әрине, тынымсыз еңбектің нəтижесі. Ұжымға сəттілік. Біз асатын белес алда!

%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%baҚұрметті достар! Алдағы меже танымдық сайттан ақпараттық-танымдық сайтқа айналу.

Тағы да жеңіс құтты болсын, ағайын!

Сайтымызға кіруді ұмытпаңыздар!

Құрметпен, «Тобыл-Торғай» ұжымы атынан сайттың

Атқарушы директоры Амандық ҚОРҒАНҰЛЫ

Фотолар baq.kz сайтынан және автордың жеке мұрағатынан алынды

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *