Ұлттық валюта тағы да нығайды

KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 331,74 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі, 21 желтоқсандағы күндізгі сессияда ұлттық валюта 332,46 теңгеге тең болған еді.

22 желтоқсандағы таңғы саудадағы бірінші келісім 332,5 теңгемен жасалды. Бұл максималдық құны болып тіркелді. Минималдық құны 331,45 теңгеге тең. Сауданың жалпы көлемі 71,45 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта айырбас пункттерінде 331,5-333,5 аралығында саудаланып жатыр.

kaz.tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *