Monthly Archives: қараша 2016

Мылтықбай Ысмағұлды неге елеусіз қалдырдық?!

  29 қараша, яғни ертең торғайлық белгілі журналист Мылтықбай Ысмағұлдың туғанына 60 жыл толады. Еліміздің әр түкпірінде журналист болып қызмет етіп жақтан кейбіріміздің кезінде дәл осы Мылтекеңнің шарапатын көргенімізді жасыра алмаймыз. Бойындағы Алла берген талантымен-ақ өзіне еліктіріп, қолымызға қалам ұстауға, жазу жазуымызға ықпал еткені өтірік емес. Сол үшін де қарымды қаламгерге еліктеп өстік. Аудандық газет редакциясына бас сұққан сайын қағазға ...

Толығырақ »

КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ КЕЙПІ ҚАЛПЫНА КЕЛДІ

Антрополог Андраш Жолт Биро Tengrinews.kz тілшісіне Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді. Еске сала кетейік, 13 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Будапештке жеткізілген болатын. Ал кейінірек Алматыға қайтарылған еді.  «Бұл Алматыдағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының жобасы. Олардың біздің институтымызды таңдауы — біз үшін үлкен мақтаныш. Венгрияда батырдың бассүйегін қалпына келтіретін заманауи техникалар бар. Ол техникалар адамның келбетін қалпына ...

Толығырақ »

Толғауы тоқсан туризм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы №508 Қаулысымен бекітілген еліміздегі туристік саланы дамытудың 2020 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын ашып қарасаңыз, туризмнің дамуы бойынша республикада тоғызыншы орын алатын Қостанай облысы туралы еш мағлұмат жоқ. Бұл нені білдіреді? Бұдан, облысты айтпағанның өзінде, республика деңгейінде Қостанай өңірінің туризміне жеткілікті көңіл бөлінбей отырғанын байқаймыз. Ал халқының саны 1 млн адамға таяу аймақта туристер үшін ...

Толығырақ »

Фурманов ауылы неге Кейкі батыр есімімен аталмай отыр?!

Кейкінің кесенесі Торғай өңіріндегі Амангелді ауданының «Жалаулы» деген жері үлкен көтерме жолдың бойында болғандықтан, ерсілі-қарсылы өткен жолаушылардың ел тарихын білетіндері, ата-баба аруағын сыйлайтындары оған автокөлігін тіреп, сондағы Кейкі батырдың бейітінің басына барып, даңқты атасына Құран бағыштайтын. Республикалық теледидардың Торғай өңіріндегі тілшілер қосынының меңгерушісі болып жұмыс істеген жылдары біз де талай рет «Жалаулыдағы» Кейкі батырдың темір шарбақпен қоршалған, цементтен құйып жасалған ...

Толығырақ »

Оза шауып, бәйге алған!

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылғанына 1 жыл ғана болған біздің «TOBYL-TORGAI.KZ» сайты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік Тілді Дамыту Қоры бірлесіп ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауы» бойынша «Шынайы өмір» аталымының жеңімпазы болып танылды. Сонымен қатар дипломмен марапатталып, сайт ұжымына қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт ретінде 300 000 теңгеге ақшалай сертификаты қоса берілді. Ұйымдастырушыларға ...

Толығырақ »

Міржақыптың тағдырына әсер еткен әйелдер

Қазақ қызының тағдырын тұңғыш рет романға арқау еткен Міржақып Дулатұлының азаматтық бейнесі жан-жақты зерттелді. «Бақытсыз Жамалды» терең психологиялық кейіпкер ретінде жұртшылыққа жеткізе алғаны өз алдына бөлек тақырып болса керек. Ал, әйел ғұмырына ерекше тоқталған жазушының өз айналасында қандай жандар болды? Аяулы ананың аялы алақаны, ыстық жүрегі, жан тілеуі, әрине, тұлғаның өмірінен ешқашан тыс қалып көрген емес. Дегенмен, Алаш көсемдерінің бірінің ...

Толығырақ »

Кейкі батырға кесене салып, сүйегін арулап жерлеуді тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Кейкі батырдың сүйегін жерлеу мәселелері жөнінде кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы www.sn.kz порталы хабарлады. Халық аузында Кейкі батыр атымен танымал Нұрмағанбет Көкембайұлы – 1916 жылғы Ресей патшалығының қазақтан әскерге адам алу туралы жарлығына қарсы көтерілген Торғай қазақтары көсемдерінің бірі. Ол көтерілісшілердің негізгі қарулы күші – мергендер жасағын ...

Толығырақ »

Бойжеткеннің өліміне «бір жапырақ қағаз» себеп болды ма?!

Осыдан біршама уақыт бұрын Қостанай облысы Константиновка ауылының 22 жасар тұрғыны — Айгүл Құсайынова есімді мұғалім қыздың дәрігерлердің немқұрайлылығынан қайтыс болғаны туралы хабар тарап, тіпті, оның өлер алдындағы хаты әлеуметтік желіде пайда болған еді. Айгүлдің  ата-анасы оның өмірден ерте кетіп қалуына «медициналық көмек тіркелген жерде ғана көрсетіледі» деген ереженің себеп болғанын алға тартады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» телеарнасына сілтеме ...

Толығырақ »