Қостанайда мүгедек балаларға арналған түзеу кабинеті ашылды

Ерекше мұқтаждықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті «Дара» қорының «Әртүрлі және тең: Біз инклюзивті білімді жақтаймыз» жобасы аясында Қостанай облыстық әкімдігінің қолдауымен ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Қостанай облысында ерекше мұқтаждыққа ие он мыңнан астам бала тұрады. Дамуында өзгеріс, ерекшелігі бар баланың ата-анасы оны әрі қарай өсіруде, оқытып, дамытуда өз проблемасымен өзі бетбе бет оңаша қалады. Осыған орай, Қостанай қаласында мүгедек балалар мен олардың отбасына тиімді көмек көрсететін орталық бірінші рет ашылды. Онда ерекше мұқтаждығы бар мүгедек балаларға көмек беретін дефектолог, психолог, тифлопедагог, логопед, сурдопедагог, массаж жасаушы мамандар бар. Орталықта балалардың алаңсыз ойнауына, жүріп-тұруына кедергісіз әрі жабдықтың барлығы арнайы әдістеме бойынша жасалған.

«Кез келген бала өзгелермен тең білім алуға құқылы. Балалардың бойындағы ерекше қабілеттерін дамытып, олардың өмірден лайықты орнын табуына мүмкіндік жасайтын кабинетті ашуға үлесін қосқан азаматтарға алғысым шексіз», – деді облыс әкімі Архимед Бегежанұлы.

Орталыққа 7 жасқа дейінгі 125 бала тіркелген. Олар мамандардан керегінше көмек ала алады. «Дара» қайырымдылық қорының жобалар басшысы Марал Шешембекова мүгедек баланы дамыту үшін орталықтың маңызы зор екендігін айтты.

Кабинеттерді аралап көрген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сурдокабинетке қажетті жабдықтар және компьютерлік техника алу үшін қаржылай көмек сертификатын тапсырды.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *