Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева орта мектеп мұғалімдерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. EXPO-ға қатысты бұл сөз қайдан туған? Көпшілік көрмеге билет таба алмай отыр, ал мұғалімдерді баруға мәжбүрлеу… Кімді? Мен мұны негізсіз айып деп ойлаймын, шандыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді Суханбердиева ОКҚ-да өткен брифинг барысында.
Вице-министр аймақтағы педагогтарға, керісінше, көрмеге келу қиын болатынын айтты. «Ешкім жай ғана келе алмайды, егер ол демалыста болмаса. Сол кезде ғана шыға алады», — деп атап өтті ол.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде орта мектеп мұғалімдеріне Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесет тараған болатын.
tengrinews.kz