Синоптиктер 2016 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың болжамынша, Атлантикалық жылу қалыптан тыс аязды ығыстырады.
«Қазақстанның көптеген облыстарында қар жаудыртқан циклон, Алтайға қарай жылжып барады. Оның ту сыртынан, климаттық нормадан 8-15 градус төмен температурасы бар аномалды суық ауа райы байланысты болған, антициклон кеңінен орын алды. Бірақ осы жексенбіде-ақ атлантикалық ауа массасының қысымынан республиканың батыс және солтүстік облыстарындағы аяз кейін шегініп, республиканың қалған аумағында келесі аптаның басында температураның көтерілуі күтілуде», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұның алдында мамандар 2016 жылдың 22-24 желтоқсан күндері қатты аяз болатынын болжаған еді. Сонымен қатар, қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.