Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.
«Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердің 76% құрайды. 2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде», — деді вице-министр.
Оның айтуынша, республикада әр төртінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі, балаларды қамту 389 мың балаға ұлғайды және 673 мың адамнан асады.
egemen.kz