БҒМ білім берудің заманауи технологиялары бойынша семинар өткізді

Қарағанды облысы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ   мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша екі күндік семинар өткізілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты — педагогтарды бүгінгі білім беруде пайдаланылатын  интернет-сервистермен таныстыру:  Google-дің барлық тиімді құралдары: Google +, іздеу, карталар, күнтізбе, Google Disc, пошта, аудармашы, блогер, презентация, контактілер, Youtube, Hangouts;  Wikipedia, Tedx және басқалар. Сонымен қатар тыңдаушылар барлық жастағы балаларды үш тілде  (қазақ, орыс және ағылшын) оқытуға  арналған 18 000-нан астам сабақ салынған bilimland.kz білім беру платформасымен танысуға мүмкіндік алды.

Семинар тренерлері Bilimland платформасының мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де қаншалықты тиімді екенін көрсетті.   Ұсынылған әдістемелердің әралуандығы мұғалімге оқыту үдерісін едәуір қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыруға ықпалдасады. Бұл контенттің  оқу модульдерінде  иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интерактивті тапсырмалар бар.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *