Алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайды

Нәрестенің алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайтынын ғалымдар дәлелдеді. Бұл туралы egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.

Оңтүстік Кореялық университеттердің бірінде жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, нәресте ерте жаста басқа елге көшіп кетіп, ана тілін мүлде ұмытып қалғанның өзінде, ана тілі жадында терең сақталатыны белгілі болды.

Зерттеуге Оңтүстік Кореядан асырап алынған голланд тілінде сөйлейтін ересек адамдар қатысты. Олар өздерінің ана тілі корей тілін білмегенімен, корей тілінде сөйлеуге деген икемі сақталғаны байқалады.

Осыдан ғалымдар ата-аналардың балаларымен ерте жастан бастап ана тілінде көбірек сөйлесуі керектігі туралы қорытынды жасады.

Зерттеу жұмысының жетекшісі Джиун Чоидың айтуынша, зерттеуден ашқан ең үлкен жаңалық — нәресте алғашқы күннен бастап ана тілінде сөйлеу машығына ие болады. Нәтижесінде, ер жеткенде өзінің ана тілін білмегенімен, оны қайта үйрену басқа тілді үйренуге қарағанда барынша оңай болмақ.

Зерттеуге екі топ Голландиялық азамат қатысты. Бір топтағылар таза голланд болса, екінші топтағылар алты айға дейін өзге елден асырап алынғандар. Екі топқа да асыранды голландтардың ана тілінде сөз айтуға тапсырма берілгенде, таза голландтар шет тілдегі сөзді айтуда қиналса, асыранды голландиялықтар өздерінің шын ана тіліндегі сөздерді оп-оңай айтқан.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *