Синоптиктер 19 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады. Ауа температурасы батыста күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығыста түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.

Ал Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде -20-22 градус, күндіз -10-12 градус болады.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *