Астанада 1 ақпанда фермерлерден субсидия алуға өтінімден қабылдау басталады

Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап елорда аумағында орналасқан, жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 2017 жылы субсидия алу үшін құжаттарды қабылдайды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп, өсіру шығындарының құнын өтеу мақсатында беріледі.

Өтініштер мен өтінімдер 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 шілдеге дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 203-бөлме мекен-жайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 55-54-84.

baq.kz

Мынаны да қараңыз

Мазуттан «мезі болған» Арқалық көмір жағатын болды

Арқалықта ЖЭО биыл мазут жағуды қойып, көмірге ауысады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінде өткен селекторлық ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *