2006 жылы шыққан 1000 теңгеліктер айналымнан алынып тасталады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды Ұлттық банк.

Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады.

ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды.

Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 2704-569 телефоны бойынша хабарласуға болады.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *