15.02.2017

Әріптесіміз жүлдегер атанды

Әріптесіміз — «Тобыл-Торғай» сайтының Ақылдастар алқасының мүшесі, «Нұрлы таң» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Сорос Қазақстан» қорымен бірлесіп «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» жобасы аясында ұйымдастырған «Мемлекеттік ашық бюджет» байқауына қатысып, «Үздік үйлесім» номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Кенже Қонысбай «Үздік сарап» аталымына ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері парамен ұсталды

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы — Экономикалық тергеулер қызметінің жедел басқару аға офицері С.Козбаков әшкереленді» деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметіндегілер. «С.Козбаковтың Қостанай адвокаттары алқасының адвокаты ...

Толығырақ »

Елімізде ет бағасы неге қымбаттап кетті?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Меніңше, ет бағасы күрт өсті. Біріншіден, сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар» деді Қ.Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап ...

Толығырақ »

Елордада Геннадий Головкиннің 5 метрлік суреті пайда болды

Қазақстанның Street Workout федерациясы Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасында күтіліп отырған жекпе-жекке қатысты 5 метрлік картинаны салды. Онда қазақстандық боксшының 3-раундтың 15-секундында америкалықты нокаутқа жіберген сәті бейнеленген деп xабарлайды ҚазАқпарат. Сурет Астанадағы спорт залдарының бірінің қабырғасына салынды. «Біздің федерация осындай ерекше әдіспен Головкинді Джейкобспен болатын кездесуі алдында қолдағысы келді. Біз оның жеңісіне сенеміз және Головкиннің өз салмағында ең үздік ...

Толығырақ »