Monthly Archives: наурыз 2017

Архимед Мұхамбетов пәтер кілттерін табыс етті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданындағы екі жаңа үйлердегі пәтерлердің кілттерін табыс етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген болатын. «Бүгін біз 20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз, ...

Толығырақ »

Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ: «Бейiмбеттi атқан кiм?»

Қазақ қара сөзiнiң, оның iшiнде әңгiме жанрының майталман шеберi Бейiмбет Майлиндей саңлақ қаламгердiң кейiп-кеспiрi қалмай, көзi мағынасыз бақырайып, әшейiнде маңдайынан қайырылатын күтiмдi шашы удар-дудар болып түскен суретi кiтап мұқабасының сыртында. Ерiндерi iсiнiп, бет-аузы домбыққан, телiмi шыққан қайран ер бүгiн бiздiң алдымызда осы сәтсiз бейнесi көзге тосылып тұратынын ойлады ма екен?! Кiтап авторының құпия орында — КГБ архивінде сақталған қолға түспес ...

Толығырақ »

«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!

Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...

Толығырақ »

Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр

Қостанайда облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген тағы бір күдікті пайда болды. Полиция 40 жастағы Руслан Гафаровты іздестіріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай қаласының тумасы, 1977 жылғы Гафаров Руслан Рамильевич іздестіріліп жатыр. Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, мұрты немесе сақалы болуы мүмкін. Күдікті жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қостанай ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН

(Деректі хикаяттан үзінді) Бірі – әлжуаздау талдырмаш, екіншісі – шымыр денелі 15-16 жастар шамасындағы екі бозбала су жағалап келеді. Бұл – Байғабыл өзені. Қолдарында тал-қармақ, ат қылынан есілген тұзақтары бар. Сірі кеткен етіктері өкшелерін қажамауы үшін жалаңаяқтанып, иықтарына асып алған. Лақтырып кетуге бар, бірақ тозығы жеткен болса да, мұндай аяқкиім қайдан табылар? Екеуі де бидай өңді, тумысынан ақсары екенін балақ-жеңдерін ...

Толығырақ »

Құлындардың қырылуы жұртшылықты алаңдатып отыр

Қостанайда облыстық Ветеринария басқармасының мамандары жаңа туған жиырма құлынның қырылу фактісін тексеріп жатыр деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, құлындардың өлімі облыстың оңтүстігіндегі Амангелді ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғындар мұны екі жыл бұрынғы ақбөкендердің қырылу жағдайымен байланысы болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Ақбөкендер де екі жыл бұрын Жанкелдин, Амангелді аудандарында қырылған болатын. Алайда, облыстық Ветеринария басқармасы құлындардың өлімі ...

Толығырақ »

Қостанайлық дәрігерді 20 мың доллар үшін өлтірген

Қостанайда облыстық психиатрлық ауруханасының бас дәрігерін өлтіру үшін тапсырыс беруші 20 мың доллар берген. Бұл туралы Qostanay.TV Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Іс материалдарына қарағанда, қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті оның әріптесі — Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдина (1972 жылғы). Тергеудің нұсқасы бойынша, қылмыс алдында дәрігерлердің арасында кәсібіне байланысты жанжал ...

Толығырақ »

Антына адал дәрігерлер жас қызды ажалдан арашалап қалды

Қостанай облысында санитарлық авиация дәрігерлері 15 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды alau.kz. Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий хабарлағандай, 3 наурыз күні Денисов ауданындағы мектеп оқушысына шұғыл ота қажет екендігі туралы дабыл келіп түскен. Облыстық балалар және ересектер ауруханасының дәрігерлері жедел түрде санавиациямен балаға жеткен. Дәрігерлер өздерімен бірге 10 литр қан алып келген. Қостанай облысында ...

Толығырақ »

Қостанай облысында құлындар не себепті қырылды?

Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев Амангелді ауданындағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Alau.kz. Оның айтуынша, басқарма жетекшісі ауылдарда болып қайтқан. Қазір жағдай реттелген. «Биелердің түсік тастауы қайталанған жоқ. Әңгіме жаппай қырылу туралы. Бұл жағдай 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Себептердің бірі — ауа райы. Амангелді ауданында күз суық болды. Оның ...

Толығырақ »

Қостанайдағы атышулы қылмыс. Зәуреш Изалдина 2 айға қамауға алынды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайдағы облыстық психиатриялық диспансерінің бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдинаны полицейлер жұмыс орнында тұтқындап, алып кеткен болатын. Кеше Қостанай қаласындағы №2 сотында Зәуреш Изалдинаға ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 28-бөлімі, 3-бабы 188-бөлімдері бойынша айыптар тағылып, тұтқындау туралы шешім шықты. Сот отырысы барасында өз әріптесін өлтірді деген күдікке ілініп отырған Зәуреш Изалдинаға ұрлық жасағаны туралы айыпта та тағылуда деп хабарлайды ...

Толығырақ »