06.02.2017

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу аяқталды

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Жедел басқару басшысының орынбасары, Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагамедов Астанаға келген делегациялардың Сириядағы жағдайды реттеуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ, БҰҰ өкілдері бүгін, 6 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғысты қалай тоқтатуға болатынын және елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қалай тиімді ...

Толығырақ »

Елбасы Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен болашағы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстаннның екі ел арасындағы қарым-қатынасты экономикалық және саяси салаларда реттеуге дайын екенін айтып өтті. «Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чехия Республикасымен бірден жақсы қарым-қатынас орнаған болатын. Чехия президенті бізде қонақта болды. ...

Толығырақ »

АҚШ долларының бағасы 321,94 теңге болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 321,94 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 61 150 мың АҚШ долларын құрады; — есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі ...

Толығырақ »

Арқалық маңындағы қар басқан ауылдан балалы әйел құтқарылды

5 ақпан күні кешкісін төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету қызметіне Арқалықтан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Алуа ауылынан шұғыл хабар келіп түскен. Жаңа туған сәбиі бар жас анаға жедел түрде медициналық көмек қажет болған деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға орнына Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару тобының арнайы техникасы шұғыл жіберілді. «Арқалық бөлімшесінің мамандары «Нива ...

Толығырақ »

Қостанай облысында барлық жол жабылды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 13:30-дан бастап Қостанай облысының барлық аумағында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында да бірқатар жол жабық тұр. Атап айтқанда, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 92 шақырымындағы Қандыағаштан бастап, 330 шақырымдағы Атырау облысы шекарасы аралығында шектеу бар. Ал «Самара-Шымкент» жолының бойындағы ...

Толығырақ »

Елімізде жанармай бағасы өсті

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы өсті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті. Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. ...

Толығырақ »

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі тағайындалды

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары-ресми өкілі тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ҚР АКМ ОКҚ директорының орынбасары-ресми өкілі, осы уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитеті Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма басшысы қызметін атқарған Жұманбай Мұратты ұжымға таныстырды. Жұманбай Мұрат 1983 жылы 18 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2004 жылы ...

Толығырақ »