Жанкелдин ауданының әкімі қызметінен не үшін кетті?

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның өтініші қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады. Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ауданы Малая Чураковка кентіндегі Омархановқа тиесілі үйді заңсыз жекешелендіріп, оны 3 млн теңгеге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша балдызына сатқан. А.Кенжеғарин Алтынсарин ауданында Ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған. Аудандық мәслихаттың хатшысы болды. 2012 жылы Жанкелдин ауданы әкімі лауазымына ауысқан. Үйді өз атына аударуды депутат лауазымында болған кезде жүзеге асырған. Агенттікке берген сұхбатында М.Омарханов шенеуніктің әрекетін алаяқтық деп санайтынын жеткізді.

«Сот оған және осы заңсыздыққа жол беруге көмектескендерге әділ шешімін шығарады деп үміттенемін», — деді М.Омарханов.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

2 пікір

  1. Асемгуль Аркалык

    Маскара

  2. Асемгуль Аркалык

    Оңбаған əкімдерге жаза жок екен осы, зейнеткермен ,қарапайым халыкты тонап,жегеннен баска не біледі олар,жоғарыда отырғандардың бəрі осы, желкелерінен шығатынын естерінен шығарып алған шығар,пайдасынан зияны жек корем соларды малдарды(əкімсымақтар)!!!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *