Елбасы Ақордада кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселелері туралы жиын өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Шараға Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ, еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Жиында Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.

Сонымен қатар цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Елбасы жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *