Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды

Азаматтардың ұсынысынан кейін Конституцияға ұсынылған өзгерістер пысықталатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 10 қаңтарда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті.

Отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысы талқыланды.

«Қазақстан азаматтары Мемлекет басшысының бүкілхалықтық талқылауға енгізген Заң жобасының базалық ережелерін тұтастай алғанда қолдап отыр. Бұл ретте Республика азаматтарынан Парламенттің рөлін, Үкімет пен жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау және сот жүйелері қызметінің мәселелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығы мәселелері бойынша бес жүзден аса ұсыныстар түсті», — делінген таралған хабарламада.

Сондай-ақ Заң жобасы келіп жатқан ұсыныстарды ескере отырып пысықталып, Елбасының қарауына ұсынылатыны айтылады.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *