Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 2017 жылдың 11-13 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің айтуларынша, Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келе бастады. Сондықтан демалыс күндері республиканың шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, көптеген облысында  ауа райы суық болады деп күтіледі.

Сондай-ақ синоптиктер шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталатынын айтады. Ал Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қар жауып, боран соғып, тұман басып, күшті жел батыстан соғып, белсенді фронттар аймағы ықпал ететін болады. Сол секілді еліміздің барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болатыны айтылады.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *