Жолаушыларын «жасыл дәріге» «шомылдырып» жүрген жүргізуші ұсталды

Қостанайда жолақысын төлемегендердің бетін сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісін полиция ұстады. Қостанай облыстық ІІД жүргізушінің ұсталғандығын растады.
«Такси жүргізушісінің үстінен бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол айыбын мойындап, жауап берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина.
Еске сала кетсек, 10 ақпанда такси жүргізушісі болып істейтін ер адам Катя есімді бойжеткеннің қолына жасыл сұйық дәріні құйып. онымен бетін жууға мәжбүр еткен. «Жу бетіңді, — деп бұйырды жүргізуші клиентіне. — Мұрат аға, енді ешқашан такси жүргізушілерін алдамаймын деп уәде бер». Бойжеткен оның айтқанын орындап, бетіне жасыл дәріні жағады.

«Жазаға» қатысты бейнеролик Ютуб видеохостингінде жарияланған.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *